www.duman.kz / 5D-Киноаттракцион

Виртуалды шынайылық!

Алғашқы рет Қазақстанда 5D-киноаттракцион Сіздерді виртуалды кеңістікке апарады.

Цифрлы 5D-киноаттракцион — жаңа әрі техникалық жетілген виртуалды ойын-сауықтар ортасы болып табылады. Таза айқынды көлемді стереоскопиялық бейнелеулер Сіздің айналаңызда керемет фантастикалық көріністер құрып, Сізге виртуалды шынайылық әлеміне толығымен енуіңізге мүмкіндік береді. Сіз өзіңізді көз алдыңызда үлкен стереоскопиялық экрандардың бірінен болып жатқан оқиғаның нақты қатысушысындай сезінесіз.

Біздің 5D-киноаттракционда 42 орын бар және ол алты еркіндік деңгейлі және айналу, бұрылып кету, діріл қағу, биікке самғау мен төменге қарай еркін түсу секілді көптеген жүктемелер түрлерін сезіну мүмкіндігін беретін арнайы қозғалмалы орындықтармен жабдықталған. Бұл бірегей платформалар күрделілігі бойынша ғарыш кемелерінің жүйелеріне теңеуге болатын есептегіш жүйелермен басқарылады. Бұл жүйелер платформаларды фильмнің қызықты желісі ырғағына қарай қозғалысқа келтіреді және Сіздің бір сәтке де болса босаңсуыңызға мүмкіндік бермейді. Мықтырақ ұстаныңыз!

Мұныменен бітпейді әлі! Виртуалды ойын-сауықтар мұхитына тереңірек үңілу үшін біздің 5D-кинотеатрымызда Сіздер үшін жекелеген және қоршаған арнайы ерекшеліктердің жаңа жүйесі орнатылған. Енді Сіздер экранда болып жатқандарды тек көріп қана қоймай, оны сезіне де аласыздар. Жанған оттың аспанда қалықтаған кәдімгі түтінін Сіздер енді залдан да көре аласыздар. Атмосфералық түрлі су әсерлері Сіздің жаңбыр мен су тамшыларын, қар және туманды сезінуіңізге мүмкіндік береді. Күшті жел қондырғылары Сіздің жан-жағыңызда болып жатқан оқиғалардан алған сезімдеріңізді күшейте түседі. Жарқылдаған найзағай мен тарсылдаған атылыс та дәл осы залда болады. Көрермендер таң-тамашада! Мұндайды ұмыту мүмкін емес!

Жалпы көрініс сапалы дыбыс жүйесінсіз толық болмаған болар еді. Ал ол бар. Күшті дыбыс, кең ауқымы, цифрлы контенттің жоғары разрядтылығы, каналдар санының көптілігі - осының барлығы шынайылығы жағынан Сіздің жан-жағыңыздағы фантастикалық аудио-айнала қоршау болып табылады.

Таңқаларлық шынайы шоу онша ұзақ емес - 10 минуттай ғана уақытқа созылады, ал алатын әсерлеріңіз Сіздерді уақыт туралы мүлдем ұмыттырып, уақыт минуттармен емес, ерекше сезімнен алынған таңғалыс пен тәнті болған дыбыстармен өлшенетін ғажап әлемге жетелейді. Бейнелеу, дыбыстау, түрлі әсерлер беру, жарықтандыру мен бағдарламалау саласындағы соңғы технологиялық жаңалықтар өткенге үңілудің, болашаққа көз тастаудың, мұхит түбіне енудің және ғарышқа көтеріліп, тіпті, адам денесінің ішіне де кіріп кетудің керемет мүмкіндіктерін ұсынады!

Біздің 5D-киноаттракционымызда Сіздер қызықты су асты саяхатына аттануларыңызға, жер бетінен тысқары өркениеттерді іздестіру міндеттерін орындауларыңызға, жеті қабат жер асты қамауындағы сұлу ханшайымды құтқару жолындағы тосқауылдарды жоюларыңызға, дроидтың және .... ілестіріп алып жүруімен динозаврлар дәуірі кезіндегі уақытқа саяхатқа аттануларыңызға болады, ал қалғандары жөнінде Сіздер өздеріңіз-ақ біліп, сезінетін боласыздар.

5D кинотеатр — жаңа форматты ойын-сауықтар!



Rambler's Top100











Web100.kz - Спорт и развлечения | Бары, кафе, рестораны