"Думан" Ойын-Сауық Орталығы өз қызметін 2003 жылдың мамыр айында бастады. Қазір ол тропикалық балықтары бар Мұхитаралдан, 3М-Кинотеатрдан, үлкен Күмбезді Кеңістіктен және тамақтандыру кәсіпорындары мен сауда жүйелерінен тұратын ойын-сауықтың өзіндік ерекше кешенін құрайды.
Кешеннің менеджменті жаңа технологияларды игеру, өзге де мамандықтарды үйірену қажеттіліктерін ұстанады. Мұхитаралдың қызметін іске қосып тұрған тіршілік берудің қайталанбас жүйелері жолға қойылып, қамтамасыз етілді. Теңіз аквариумистикасын зерттеу мен дамытудың жұмыстары жүруде.
3М-Кинотеатрының жұмыс істеуіне жағдай жасайтын үш өлшемді стереоскопиялық бейне берудің жаңа технологиялары игерілді. Жағдайға көрсетілетін қызметтер мен шығарылатын өнімдер де ерекше әсерін тигізуде. Десек те, кешенді игерудің қиындықтарына қарамастан, "Думан" Ойын-Сауық Орталығы өзін-өзі ақтау ахуалында жұмыс істеуде.
Ойын-Сауық Орталығы өзі құрылған алғашқы күндерден бастап-ақ, бас директор П.Т.Мәтжанованың жетекшілігімен кешенді жас мөлшерлері, әлеуметтік деңгейлеріне қарамастан астана мен республиканың барлық тұрғындарының, ең алдымен, әлеуметтік жағынан аз қорғалған бөліктері-балалар мен егде жандардың демалысы мен көңіл көтерулерінің орталығына айналдырдың табанды мақсаттарын жасады.
Сондықтан, "Думан" Ойын-Сауық орталығы табыс тауып және балалардың бос уақыттарын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін балалар аттракциондарын сатып алуға керекті өз қаражаттарын іздестіруге көшті. Ал, өзінің үш жылдығын мерекелеу қарсаңында кешен ұжымы кішкене келушілеріне тамаша сый-балалардың ойын алаңын тарту етті. Бұл саясатты осы күні де ұстанудамыз. Бұл біздің компаниямыздың корпоративті мәдениеті мен қоғам алдындағы әлеуметтік жауаптылығының ажырамас бөлігі.
Мысалға, уақыттың кез келген мерзімінде "Думанға" келе алатын құқықтар беріп, балалар үйлерімен, панаханалармен, мүгедектер қоғамдарымен байланыстар орнатып, қарым -қатынастарды жолға қойдық. Олардың көбі өз мерекелерін "Думанда" өткізеді. Соғыс жылдарының қиын кезеңдерін еске алу, сол бір қатал мерзімдерге балалықтары тұстас келгендерге құрмет ретінде 22 маусым сайын "Думан" ОСО-ы Аға Ұрпақтар Күнін өткізуде. Биылғы тәжірибеміз көрсеткендей, бұл күнді өзгелер де атап өте бастады.
Мұхитарал аумағында арттерапия тәсілімен мүмкіндіктері шектеулі балалар, қолайсыз және аз қамтылған отбасылардың перзенттері, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері әлеуметтік бейімделулерден өтуде.
Бұған қоса, "Думан" ОСО-ы қалалық, республикалық және халықаралық мәндегі көптеген шараларға тұрақты демеушілік жасап келеді.
"Думан" Ойын-Сауық Орталығының ұжымы-бірлігі мықты кәсіби мамандар командасы!
|