www.duman.kz / Күмбез аясы


Күмбез Аясы - "Думан" ойын-сауық орталығының II кезегінің нысаны. Құрылыс 2004 жылдың ақпанында қолға алынды. Оның құрлыс мерзімі - 24 айға белгіленген болатын. Дегенмен, құрылыс 13 айда аяқталды. Шеңбер көлемі - 90 метр. Күмбез көлемі - 70 метр. Қабаттарының биіктігі 4,75 метр. Күмбез аясының биіктігі темірбетон сақинасының жоғарғы белгісінен есептегенде - 12 метр. Қабаттылығы - күбез жамылғысымен қоса есептегенде 2 кқабаттан тұрады.ағы - 16 000 шаршы метр. Көлемі - 3 000 текше метр Өткізу мүмкіндігі - 197 адам. Түпкілікті сыйымдылығы - 3360 адам.

Құрлыстың ең тиімді шешімі - жоғарғы және төменгі болат сақиналар арқылы шірей тартылған иілген болат арқаулардың үстіне төселген алюминилі тұтас темірбетон екені айқын.

Екінші Орталық кіреберістің қабырғасындағы оның авторы - Суретшілер Одағының төрағасы Сембіғали Смағұловтың "Құс жолы" - деп атаған композициясы осы заманғы монументальды бейнелеу өнерінің өзіндік қайталанбас үлгісі болып табылады. Композияның мерекелік ажардағы түрлі-түсті бояулы шешімі Ойын-сауық Орталығының мақсаты мен орынын айқындап тұр. Компзиция геральдикалық, безендірушілік салмақты көтеріп тұруы себепті одан ұлттық бұйымдардың, сәндік заттардың, қазақтың көне аңыздарындағы танымал кейіпкерлер жүздерінің ырымдық белгілерінің және күн сипатты тәңірлік дидарларының нышандары да кездесіп қалады.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің нұсқасын Астанадағы суретшілер Одағының мүшелері Сембіғали Смағұловтың жетекшілігімен дайындады. Бұл - Қазақ халқының Түркістан қаласында, XIY ғасырда ірге көтерген қасиетті ескерткішінің киесін әйгілеп тұрған қазақ сәулет өнері алып ғиаратының кішірейтілген нұсқасы. Кесене есігі де қазіргі қасиетті ғимараттың қолдан жасалған айна қатесіз көшірмесі.

Алтын диадема - Қарғалы мекенінен табылған /б.д. Ү ғ./ диадеманың фрагменттік қайталуы. Сак дәуірінің аң нұсқасында жасалған сән бұйымының мазмұны көне египет өрнектерінен асып түспесе, кем емес. Бар қырларыныңөзара үндесіп, жымдасып жатуы - оның композициялық шешімі мен көркемдігіне еш нұқсан кілтірмеген.

Қазақстан Тәуелсіздігінің Монументі - Әділет Жұмабаевтың осы заманғы технологияны /полимер смоласы/ пайдаланып жасаған әйгілі мүсіннің көшірмесі.

"Басты кейіпкер - Тазша баланың қатысуымен "Қырык өтірік" қазақ халық ертегісінің фрагменті - қазақ халқының тапқырлығы мен өнерпаздығының бейнелеу өнерінен сәтті көрінісін тапқан сәті. Осы заманға дейін орыс не, басқа да тілдерде дәл тәржімасы жасалмаған "Қырық өтірік" ертегісінде қырық өтірік айтып, қызына үйленіп, әрі уәзір атануы мүмкіндігіне жету жолындағы қатал хан жарияланған жарыста бақташы жас жігіт жеңіп шығады.

"Бәйтерек" Аттракционы - "Байқоңыр" ғарыш айлағының көру алаңынан қарағандағы зымыранның дәл көшірмесі.

Сондай-ақ, Қазақстан тақырыптық аумағында сақ халықтарының бірлігіне арналған көне шахардың макеті және "Қазақстан" субұқағы да бар.

Америка тақырыптық аумағындағы аспанғимараттың арғы бетінде, оң қанатта- ацтек өнеріне арналған, сол бетінде - Американың ашылуына бағышталған көркем сызбалар бар.

Бостандық статуясының макеті - Американың Нью-Иорк айлағына кіре берісте асқақтап тұрған әйгілі меймандостығының бірі.

1884 жылы Франция халқы сыйға тартқан статуя Америка аттас жердің үлкен бөлігін алып жатқан елдің бостандығы мен мүмкіндігінің рәмізі есебінде белгілі. Ол сәнді киініп, қолында шамшырақ ұстаған әйел бейнесіндегі бостандықты паш етеді. Оның басындағы жеті өркешті тәж жеті теңіз бен жеті құрлықты бейнелейді. Әйел мүсінінің сол қолында 1776 жылдың 4 шілдесінде жарияланған американың тәуелсіздік жөніндегі Декларациясының мерзімі қашап жазылған тас тақта бар.

Вигвама макеті - Солтүстік Американың орман үндестері - алгонкиндердің күмбез тақылеттес тұрағы. Құрылысты тұрғызу кезінде үндістер шеңберлей сызылған аяға немесе ойпаңдау жерге бастары иілген майысқақ ағаш сырыктарын қадаған. Вигвама тұрығы ағаш бұтақтарымен, тамырларымен, тоқылған жамылғылармен көмкеріледі.

Тотемдер /Макеттер/. Үндіс тайпаларының тәңір ретінде табынатын тұттары. Тотемизимнің /үндістердің "тотем" - арғы тек деген сөзінен/ түп тамырында жануарларға, өсімдіктерге бабалар рухы немесе қорғаушы күш ретінде табыну жатыр. Жеке тотемдер кез келген адамға беріле бермеген. Көп ретте оған тек тайпа көсемдері мен сиқыршылары ие болған.

"Алтын кеніш" /Золотой прииск/ Аттракционы.

Греция сәулет өнерінің нұсқалары қойылған Еуропа тақырыптық аймағы.

Тағанына дейін тас-талқан болған Галкарнас мавзолейінің макеті. Бұл ғимарат б.д.д. IY ғасырда Мавсол патша мен Артемизия патшайымның құрметіне салынған. Мавсол патша өзі өлген соң байлығы мен құдіреті туралы ұзақ уақыттар әлемнің есіне салып тұратын ұлы бір ғимарат қалдыруды армандаған. Мавсол патша қабірхана құрлысының аяқталуына шамалы мерзім қалғанда көз жұмған. Бірақ, артында қалған жесірі құрлыс жұмыстары біткенше оған басшылық жасаған. Ғимарат Мавсол патшаның атындағы Мавзолей ретінде ұлы қабірхана рәуішті белгілі бола бастаған.

Пергам алтары - б.д.д. II ғасыр. Макет. Өздерінен саны жағынан анағұрлым асып түскен галаттармен шайқаста қол жеткізген жеңістерінің құрметіне пергамдықтар астаналары - Пергам қаласының ортасынан гректердің жоғарғы тәңіріне құрбандық шалатын мәрмәр таған - Зевс алтарын тұрғызған. Пергам қорғаушылары алтарь бетінде құдайлар мен алыптардың күмән мен кешірімнен ада, жан алысып, жан беріскен шайқастарының сәттерін бейнелеген. Бұл соғысқа көне грекия заманының барлық құдайлары: қолында жебе мен қалқан ұстаған сымбатты Артемида әйел-құдайы, отсәйгүліктерін түрегеп тұрып басқарып келе жатқан қалыптағы күн тәңірісі Гелиос, алты қолды Геката мен жарақаттарынан қуаттары кеміп, аласұрған, зардап шеккен көптеген алыптар қатысқан.

Парфенон. Афина қаласы б.д.д. Ү ғ. Құдай-ана Парфеностың /Дева/ - Афина тәңірісінің құрметіне салынған Парфенон храмы-грекия сәулет өнерінің шыңы болып есептеледі. Храмды грекия халықтарының ішіндегі ең бай да, атақты сәулетшілері - Иктин мен Калликраттар б.д.д. Ү ғасырда Афина қаласында тұрғызған. Ғимарат шын мәнінде ұлы тұлғасымен таңдандырады. Оның құрлысындағы өзгеше ырғақ ғимарат бөліктерінің мінсіз қабысуында жатыр. Парфенон ғимаратының тепе-теңдігі - адамның оған жақындаған сайын өз еңсесін биік ұстауына, бойын жаза түсуіне ықпал ететіндей жасалған. Гректер ықылым замандардан-ақ сәулет туындыларының адамға сергектік пен өзіне деген нық сенімдерін бекітуіне қызмет етуін мақсат ұстанған.

"Дискобол" мүсіні. Рим қаласы. Б.д.д. Ү ғ. Көшірме. Авторы - ұлы мүсінші Мирон көркем жас жігітті жауынгерлік ауыр табақша лақтырып тұрған кезінде бейнелеген. Оның қуатты қозғалыс бұған денесі бүгіліп, бейне болат серіппедей жойқын күшпен жазылып кетердей әсер береді. Кейінге қайырылған қолының серіппелі терісінен бұлшық еттері бұлтияды. Сенімді тірекке айналған аяқтарының саусақтары құмға терең кіріп кеткен.

"Дорифор" мүсіні. Б.д.д. Ү ғасыр. Көшірме. Мүсінші Поликлет. Өз замандасы Мироннан Поликлеттің айырмашылығы - ол атлеттерді жаттығу кезінде емес, тыным сәттерінде бейнелеуді қалған. Доифор - өз қадірін білетін батыр тұлғалы адам. Ол өз көрермендерінің алдында қозғалыссыз тұр. Дегенмен, бұл көне египеттің қимылсыз қалған мүсіндері емес. Біздің алдымызда қорқыныштан ада, тәкаппар, сабырлы, өз бейнесіне сарбаз бен азаматтың қадір-қасиеттерін сіңірген адам тұр. Мирон мен Поликлеттің қолдан құйылған мүсіндерінен бізге жеткені-римдіктердің қолымен жасалған мәрмәр найзалардың көне грекиялық нұсқалары.

"Афина Промахос" мүсіні. Афины қаласы. Б.д.д. 438 ж. Афина қаласы. Көшірме. Мүсінші Фидий. "Афина Промахостың" қолына күн нұрына шығылысқан найза ұстаған үлкен мүсіні Эрехтейон мен Парфенонға храмдар арналған Афины қаласындағы акропольды безендіріп тұрды. Афинаның азаматтық міндеттерге ие басты эпитеттері - Полиада / "калалық"/ және Полихос / "қалаиесі"/. Эсхильдің "Евманида" трагедиясы Афина мемлекетінің ақылды басқарушысы, ареопаг құрылтайшысының даңқын асыруға арналды.

"Афродита" мүсіні. Махаббат пен билік Құдайы.

ңтустік-Шығыс тақырыптық аумағы: Қытайдың сәулет өнері.

Ұлы Қытай Қабырғасының фрагменттері.

Б.д.д. ІҮ-ІІІ ғасыр. Әлемнің сегізінші кереметі. Әлемдегі ең ұзын құрылыс. Ұлы Қабырғаны "10 мың лилік Қабырға" /1-ли-576 метр/-деп түрлі уақыт мерзімдерінде атағаны белгілі. Атақты бұл құрлыс шығыстан батысқа қарай бүкіл Солтүстік Қытай жерін ұзына бойына алып жатыр. Ұлы Қабырға бірде тауц қойнауларына кіріп, енді бірде шыңдардың өркештеріне өрмелеп, құм кезіп көсіле береді. Оның ұзындығы тікелей бойында 2000 шақырымға есептелсе, өн бойындағы барлық бұтақтарын қосқанда 4000 шақырымды құрайды. Ұлы Қабырға Шаньхайгуань қаласынан шығыстан батысқа бой созып, Ляодун бұғазы жағалауларымен Цзяюйгуаньға /Ганьсу провинциясы/ дейін жол тартады. Қабырғаның биіктігі - 6,6 метр/жекелеген учаскелерінде 10метрге дейін/. Төменгі тұсында ені 6,5 метр, доғары басында - 5,5 метр.

Б.д.д. /бідің дәуірімізге ністерінде / Ү-ІҮ ғасырларда көшпенділердің малшы тайпаларынан қорғану үшін Қытайдың солтүстігінде ұзын қабырға тұрғызылды. Тұңғыш император Цинь Ши Хуаньди қабырғаның жекелеген Бессрочн.өліктерін империяның солтүстік шекаралсын он бойына қорғап тұратындай алып бекініс түрінде қосып жіберуді ойлады. Осынау ұлы да гуманистік идеяның жүзеге асуы үшін адамшылыққа жатпайтын әдістер дер қолданды. Қабырғаны тұрғызу жұмыстары ауа райының қандай да бір қолайсыздықтарына қарамастан, тоқтаусыз жүргізілді.

Ұлы Қытай Қабырғасы ғұрлысы келесі ғасырларда да одан әрі жалғасын тапты. Қабырғаның бекіністерінде ұдайы күзетте тұратын жасауылдар қауып төне қалған жағдайда мұнара бастарында от жағып, хабар берген.

Бұл ғарыштан көзге шалынатын жер бетіндегі жалғыз нысан.

Хотей - / "кендір қапшық"/ - тәнірлік қуыршақ тұрық, жақсы өмірдің, даналық пен қайырымдылықтың рәмізі. Хотей-бақыттың жеті тәнірісінің бірі. Ол адамдар тағдырын алдын-ала айқындап, олардың асыл мақсаттарының жүзеге асуына көмектеседі. Осыған байланысты егер жақсы бір ойды қаперге ұстап, қуыршақ тұрықты қарыныңа 300 рет үйкелесең, ойлағаның міндетті түрде жүзеге асады деген наным бар.

Пагода - /санскрит тіліндегі "бхагават"-қасиетті - деген сөз../-буддизмнің мемориальды ғимараты, жәдігерлерді сақтаушы, әдетте әр қайсысының өз шатыры бар бірнеше қабаттардан тұратын мұнараға ұқсас келеді.



Rambler's Top100











Web100.kz - Спорт и развлечения | Бары, кафе, рестораны