F.A.Q. (жиі қойылатын сұрақтар)
Сұрақ: Мұхитаралға кіру бағасы қанша тұрады?
Жауап: Мұхитаралға кіру бағасы туралы барлық ақпаратты Бағасы қанша? адресі бойынша алуларыңызға болады.
Сұрақ: Жұмыс уақыты.
Жауап: Жұмыс, мереке және демалыс күндері сағат 10:00 - 20:00. Демалыс күні - дүйсенбі.
Сұрақ: Біз басқа қаладан келіп едік, Сіздердің кешендеріңізге қалай баруға болады?
Жауап: Егер Сіз вокзалдан келетін болсаңыз, бізге дейін вокзалдан 21-ші автобус жүреді. Біздің жанымыздан өтетін басқа автобустардың бағдарлары туралы беттерінен оқып білесіз. Сондай-ақ, бұл беттен Сіз айналаны қоршаған аумақтың картасымен, оның ішінде интерактивті картамен таныса аласыз.
Сұрақ: Сіздерден қандай да бір сыйлықтар мен сувенирлер сатып алуға бола ма?
Жауап: Әрине, кешеннің аумағында түрлі тақырыптағы сыйлықтар өнімдерін сататын бірнеше дүкендер бар. Ол туралы толығырақ Сіз (сайтқа сілтену) беттерінен оқи аласыз.
Сұрақ: Сіздердің Ойын-сауық орталықтарыңызда сүретке түсіруге бола ма?
Жауап: Болады ма емес, түсіру керек! Сіз бұл ғажап орынды есіңізде сақтау үшін өзіңізбен бірге көптеген тамаша суреттер алып кетуіңіз керек емес пе. Тек, Мұхитаралдың ішінде суретке түсіру ақылы екенін есіңізге саламыз (жеке фотоаппарат үшін – 100 теңге, жеке бейнекамера үшін - 200 теңге). Одан бөлек, кешен ішінде Сіздің суретіңізді тез арада шығарып дайындап беретін фотосалон сізге қызмет көрсете алады.
Сұрақ: Кешеннің қызметі жөнінде менің ескертулерім бар. Оны қайда жіберуіме болады?
Жауап: Сайтта кері байланыстың арнайы нысаны бар: (сайтқа сілтену). Соны толтырасыз, Сіздің сын-пікіріңіз басшылыққа қарастырылуға беріледі. Біз өзімізде көрсетілетін қызметтердің сапасына аса назар аударып отырамыз, сол себепті Сіздің ой-пікіріңіз біз үшін өте маңызды болып табылады.
|