Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары
Жақсы және дәмді тамақтану әуескерлеріне жайлы бар-клуб "Лагуна" қызметін көрсетеді. Қарапайым және бұқарашылық стилі бөлменің ішкі көрінісінің таңдамалығын көрсетеді.
Сіздерді әр қашанда кенет нәрсемен қуантуға дайын. Мысалы, теңіз азықтарымен: көк маймен толтырылған тұздық астындағы мидиялар ұлулармен, немесе қуырылған креветкалармен. Сонымен қатар фирмалық тағамдарды ұсынады: тунецтен жасалған "Думан" салаты, "Лагуна" балық таяқшалары және "Пештен тұздық астындағы Форель".
Шарап картасы ұлан-байтақ және кіршіксіз.
Теңізазықтан жасалған тағамдар мен ұлттық мейманшылығы біртума ауаны құрайды. Сіздерді қуанышты қабылдау және тамаша асүй әр қашанда күтіп қарсы алады. Айтқандай, бар-клубтың пісіруі әсіресе дәмді.
Бильярд әуесқойлары "Орыс рулетка" немесе "Америка пул" ойындарымен рақаттана алады.
Сіздердің өміріңіздің қуанышты кездеріңізді "Лагуна" бар-клубында тойлауды жақсы әдет-ғұрыптарыңыз болсын. Ал біз той көпке дейін есте сақтауларыңыз үшін барлық жігерімізді саламыз.
Ойын-сауық орталығының орнықты банкет залы 250 адамға шамаланған. Осында Сіз үйлесім стильдік кеңдігінде, комфорт және салтанатты ауасында Сіздің өміріңіздегі әр қайсы қуанышты оқиғаларыңызды тойлай аласыз. Классикалық бөлменің ішкі көрінісі, жайлы комфорт ауасы, назарлы ескертетін сервис оларды ұмытпайтын қылдырады.
Тез тамақтану әуескерлеріне біз гамбургер, чизбургер, сэндвичтер, пицца көп толтырмалармен, салаттар, тәтті тағамдар, салқын сусындар, балмұздақ және көп басқа дәмді тағамдарды "Торнадо" дәмханасында ұсына аламыз. Өзіңізге және жақындарыңызға кішкентай той сыйлап - жылылық, жайлылық, көңіл көтеріңкілік және күлімсіреулік ауасына малынып шығыңыз.
"Жазғы төр" дәмхана
"Жазғы төр" дәмханасының ерекшелігі - қазақ халқына тән қонақжайлылығы. Бұл жерде әр уақытта да меймандарды қуана қарсы алады!
Қазақ сәулет өнерінің туындылары өрнек құрған, шағын да, ұядай залда қызғылықты ойын-сауық бағдарламасы мен ілтифатты даяшылар үлкен әсер қалдырары анық.
Осы дастархандағы "сылынған жамбас еті", "бауырсақ-сорпа", "Есіл балығы" секілді қазақтың аспаздық өнерін игерген шеберлердің тағамдары тіл үйіреді.
Бұлардан басқа қымыз, қазы-қарта, қабырға, әрине, қазақша асылған ас, салаттар мен сорпалар, "қазақша тұздық", "Каспийдің балық сорпасы" секілді дәмдер, тағы да басқа ас мәзірлері талғампаз тұтынушының көңілдерін қуантатыны анық..
Келіңіздер, көріңіздер, дәм татыңыздар!
"Аспан пагодасы" шәйхана
"Бал бұлақтан су алдым,
Су алдым да қуандым.
Тас бастаудың қайнары,
Шәй -сусынның қаймағы.
Әттең ғана не керек,
Көзе толы қолдағым,
Сүйгеніме алыста,
Жетсе ғой деп ойладым!"
Қытайдағы шәй ішу рәсіміне мыңдаған жылдар болған. Осы мерзімдер ішінде күнделікті физиологиялық денсаулық пен жан жадыратар көңіл күйді қалыптастырар шәй сусынын әзірлеудің көптеген тәсілдері табылғаны рас.
Шәй ішудің адам бойына салтанат әсерін ұялатып, нәзік рахатқа бөлейтіндігінен "гунфуча" атты шәй ішу рәсімі пайда болған. Қытай тілінде "шәй ішудің жоғарғы шеберлігі" деген ұғымды білдіретін тап осы рәсімнің аталған сусындарын Сіздер біздің "Аспан пагодасы" шәйханасынан ғана тата аласыздар. Даяшылардың қызмет жасау мәдениеті, шәй сусынының жұпар иісі Сізді балбыраған рахат күйге бөлейді.
Әйтсе де, көне замана білгірлері айтқандай, аш қарынға тек шәй ғана ішу, қасқырды қорға жібере салғанмен бірдей. Сондықтан,шәймен қоса даяшылар "сұлтан сандықшасы", "бал арасының шағуы", "Шахерезаданың түсі" атты шығыс тәттілерін, пахлава мен өзге де тіскебасарларды ұсына алады.
Бұларды шәйдан соңғы тоқбасар ретінде де таңдауыңызға болады. Олар - "гавай ымырты", "алтын акбар", немесе "лун фе лау" атты көк шәй да болуы мүмкін.
Айтып-айтпай не керек, "гунфучаның" жұпары мен қасиеті тым ерек!
"Олимпик"
Тамақтана білу-өркениеттіліктің нышаны екені мәлім. Грекия болса, 4000 жылдық аспаздық дәстүрге ие.Алғашқы аспаздық кітапты да грек Архистрат б.д.д 330 жылдары жазып қалдырған.
Сонымен, дәмді тамақтануды қалайтындар үшін "Олимпик" нағыз таптырмайтын жер.
Тавернадағы грекия асханасында етті, тіпті өсімдік пен көкіністерді, жемістер түрлерін жақсы көретіндердің де талғамдарынан шығатын небір тағамдар түрлері жетерлік.
Мәселен, қызанақ, баклажан, үгітілген ірімшік және құнжыт майы мен қияр, қызанақ кесінділері, болгар бұрышы қосылған бұқтырылған балық - "гоферия пиака" араласқан, нәрбұламығы - "фасулямен" құнарландырылған піскен "мусакас".
Нағыз білгірлердің біздің еуропалық маркалардан тұратын шараптарымызды да байқап көргендері дұрыс.
Егер Сіз кофе сусынының құмарпазы болсаңыз, онда міндетті түрде "КофеТур" кофеханасына бас сұғуыңыз керек. Бұл жерде Сізге жұпар исті кофе ғана емес, жаңа сығылған жемістер шырындарын, коктейлдер мен кондитер тағамдарын да ұсынады. Мысалы, Грекияның "эллиникос кафэс" кофесін кішкене тостақтармен суық сулы ыдысты қосып, қатар қояды. Ал, ыстық күндері сусаған шөліңізді басатын "гляссе" - атты балмұздаққа ертілген кофенің жөні тіптен бөлек.
Біз меймандардың қай-қайсына да қуаныштымыз!
"Родео" дәмхана
Сыраны алғаш кімнің ойлап тапқаны белгісіз. Оның өте көне заманадан келе жатқандығы сонша, тұңғыш қайнатушысының есімі ұмытылған. Аңыз тіпті Нұқ пайғамбардың сыраны кемесіне алғанын айтатыны да бар. Сыраны сусын ретінде көне Египедте де, бағзы Грекияда да қайнатқан.
Сонымен, сыра кімнің де болса сүйікті сусыны болғалы айналғалы қашан. Сусын ретінде сыраның көптің қалауына айналғанын және оған бұл тұстарда теңдесер дәмнің жоқтығын айта отырып, Сіздерді "Родео" дәмханасының меймандос шаңырағына шақырамыз.
Бұл жерден сан түрлі сыраның дәміне рахаттанып, "ковбойлар еті", "бұзау етінен жасалған барбекю", "бал мен ащынәр құйылған тауық қанаттары" секілді дәмдері таңдайдан кетпес тағамдарды татасыз. Немесе, "Американың классикалық бургері", "Элвистің салат қосылған бургері" секілді нағыз американдық бургерлерді алуыңызға болады.
Ең қызығы - Астанада тұңғыш рет "Родео" аттракционында механикалық бұқаны тізгіндеу мүмкіндігіне ие боласыз. Тайдай тулаған бұқаның үстінде ұзақ қалу мүмкін де емес, бірақ, бұл осындағы ең жүйке шымырлатар, өз мүмкіндігіңізді сынап көрер ғажап ойын.
Бізге келіп,жөн арқаңызды шымырлатар қызықтарға кенеліңіз!
|