Сауда желісі
Әсем қаламыз Астанаға келген көптеген қонақтар өздеріне: қайда баруға, нені көріп, тамашалауға болады, пайдалы да әсерлі нені көруге болады деген сұрақтар қойып, мазалары кетеді. Бір ойланатын нәрсе, мен өзімнің достарымды, жақындарым мен қызметтестерімді қандай қызықты әңгімелеріммен таңқалдыра аламын? Қандай сыйлықтар сатып алып, оларды қуантамын? Сыйлықтар таңдау мәселесіне өте бір жауапкершілікпен қараған жөн, сыйлыққа нені болса да беруге болады, негізі – таңдай білу қажет, ал ең негізгісі - оны шын жүректен беру! Біздің дүкендер желісінде таныстарыңыз бен жақындарыңызды қуанту үшін еш қиындықсыз кез-келген сыйлық таңдап алуға болады.
Сонымен, сыйлықтар сатып алуға саяхатқа аттанайық! Иә, сыйлық таңдау – бұл бір өте қызықты сәт. Егер ол Сіздің жақын дос балаңыз немесе дос қызыңыз болса, «әзіл-қалжың» ретінде күлкілі бір сыйлық тарту етуге болады. Балаңызға, қызыңызға және көптеген інілеріңіз бен сіңілілеріңізге, немерелеріңіз бен жиендеріңізге беруге толып жатқан ойыншықтар, не бір әдемі қонжықтар, күшіктер мен балықтар, пілдер, сондай-ақ қаһарлы да қызықты динозаврлар, рептилилер мен өзге де жабайы аңдарды таба аласыз. Өзіңіз бір сәтке ересектер жоқ, тек үлкен және кіші балалар ғана бар ертегілер әлеміне еніңізші.
Қызметтестеріңіз бен әріптестеріңізді түрлі сувенирлер, кішкене мүсіндер, фотосурет салып қоятын жақтаулар мен альбомдар, ұялы телефон және өзге де кеңсе керек-жарақтарын қойып қоятын қызықты қондырмалар беріп қуантуға болады. Достарыңызбен біздің кемелеріміз бен яхталарымызға отырып, таңғажайып саяхаттарға аттаныңыз. Теңізді қалайтындарды шынайы бақалшақтар, таза маржандардан дайындалған бақалшақтар мен бұйымдар беріп таңғалдырыңыз. Ал егер Сіз теңіз жағасындағы жинақы бір үй туралы армандаған болсаңыз, арманыңызға қарай бір адым аттаңыз – үйге арналған аквариум сатып алыңыз.
Біз Сіздерді біздің ойын-сауық орталығымызға құшақ жая қарсы аламыз. Толқи отырып, сіздердің ой-пікірлеріңізді күтеміз және де сіздердің негізделген сын-ескертпелеріңізге көңіл бөлуге сөз береміз. Әр дәлме-дәл айтылған сын-пікірдің тыңдалуға құқығы бар емес пе. Көп білгісі келетіндер үшін! Біз сияқты әлемге ерекше көзқараспен қарайтындар үшін!
|