«Думан» ойын-сауық орталығы» Акционерлік қоғамы «Думан» ойын-сауық орталығының 2012-жылға арналған жоба-сметалық құжаттамасын дайындай отырып, қайта құрып жаңалаудың тұжырымдамалық, кешендік, техникалық шешімін мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңдік рәсім қолдану арқылы ашық конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.
Сатып алынатын жұмыстардың толық тізімі, олардың саны мен мерзімі, орындау орны техникалық тапсырмада көрсетілген.
Техникалық тапсырманы Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 4 мекен-жайы бойынша 2012-жылдың 8-ақпаны күнгі сағат 12.00-ге дейінгі мерзiмдi қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін немесе LOGISTIC2@DUMAN.KZ. электрондық адресі бойынша алуға болады.
Техникалық тапсырма тегін беріледі.
Конкурсқа қатысуға берілетін техникалық ұсыныстарды, конвертке салынып, мөрленген, әлеуеттік жеткізушілер 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 4 мекен-жайындағы «Думан» ойын-сауық орталығы» АҚ-на логистика қызметіне береді (жібереді).
Техникалық ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі - 2012-жылдың 9-ақпаны күні сағат 10.00-ге дейін.
Конкурсқа қатысуға техникалық тапсырмалар салынған конверттер Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 4 мекен-жайында 2012-жылдың 9-ақпаны күні сағат 12:00-де ашылатын болады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7172) 242849 телефон нөмірі арқылы алуға болады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі: Птушко Константин Николаевич – логистика қызметінің басшысы.
13.12.2011
2011-жылдың 3-желтоқсаны күні сағат 15.00-де «Думан» ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге арналған Тәуелсіздік құрдастарының «Болашақ біздің қолымызда!» атты Республикалық жастар форумы аясында «Жастар-2011» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті.
Бақыт дегеніміз – ол біздің балаларымыз, олардың қуанышқа толы жүздері.
2011-жылдың 4-желтоқсаны күні біздің «Думан» ойын-сауық орталығында «ОкеанАрт» арт-терапиясы мен «Көбелектер галереясының» ұйымдастыруымен «МЕН ЖӘНЕ БАҚЫТ» атты шығармашылық акция өтті. Бұл күні әр бала өзінің бақытын бейнелеп суретке салып, оны көпшілікке көрсете алды.
29.11.2011
04.11.2011
Сендерді метептегі демалыс күндері «Думан» ойын-сауық орталығына келіп, уақыттарыңды көңілді өткізуге шақырамыз. 10 күн бойы тек Сендер үшін ойын-сауық бағдарламасы: түрлі ойындар, байқаулар, викториналар, жағымды тосын сыйлықтар мен өзге де керемет сыйлықтар болады. Сендер Бэтменмен, әйел мысықпен, қарақшы Торғай Джекпен және Дженмен, Спанч бобпен және Патрикпен, саяхатшы Дашамен кездесіп, өзге де ертегі кейіпкерлерін көре аласыңдар. Сондай-ақ Сендер үшін қуыршақ театры мен көзбайлаушылардың қойылымдары болады. Біздің «Думанда» Сендер күліп-ойнап, таң-тамаша қызықтарға кенелесіңдер!
«Қызықты каникул» акциясы
Әр 20-шы келушіге Мұхитаралға кіруге 50% жеңілдік беріледі.
Әр 50-ші келуші Мұхитаралға тегін кіреді.
Акция «Джунгли» аттракционына да жүреді.
12.10.2011
Программа Казахского Радио "Астана Байтерек" - эфир от 15 сентября
12.10.2012
Құрметті Астана қонақтары мен тұрғындары! Астанада алғашқы рет 2011-жылдың 19-қазаны күні сағат 12.00-де біздің «Думан» ойын-сауық орталығымызда өз өнерлерін ортаға салатын мүгедек балалар мен жетім балалардың қатысуымен «Үміт» - Арбашадағы би» атты бал билерінің фестивалі өтеді. Келіңіздер! Біз Сіздерді құшақ жая қарсы аламыз!!!
28.09.2011
Халықаралық Егде адамдар күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешіміне сай (1990-жылғы 14-желтоқсандағы 45/106 резоляциясы) 1991-жылдың 1-қазанынан бастап жыл сайын мерекеленіп келеді. Қазақстанда Егде адамдар күні барша әлем елдеріндегідей 1-қазан күні аталып өтеді.
Біз әзірше жаспыз, сол себепті қартаю туралы ойлар бізге тым алыс, тіпті ешқашан қартаймайтындай болып көрінеміз. Біз әрқашан осындай жас қалпымызда қалатындаймыз, бірақ..., бірақ... Өмір деген өзен секілді, ағымы жылдам, өтеді де кетеді, бір кезде барып адам өзінің де сол аталар мен әжелер қатарына келіп қалғанын сезіне де, түсіне де бастайды. Адам, егер өзінің күш-қуаты жетіп тұрса, қартайған шағында да қоғамға да, өзіне де көп пайда келтіре алады. Оның барлығы тек өзімізге байланысты.
Халықаралық Егде адамдар күнін мерекелеу құрметіне «Думан» ойын-сауық орталығы» АҚ-ы Сіздерді даналық пен мейірімділік мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
Құрметті зейнеткерлер, Сіздерді 1-қазан күні:
- біздің ойын-сауық орталығында мұхитаралды тегін тамашалау (зейнеткер куәлігін көрсеткен жағдайда).;
- «Торнадо» дәмханасында тегін шай ішу (талондар таратылады);
- концерттік бағдарлама күтеді.
03.07.2011
Міне 3 күн бойы болған мерекелік, ойын сауық спорт шарасы аяғына жетті. Бірі күні Ұлттық мәдени орталықтарының қатысуымен «Достық гүлтәжі» атты сайысы өткізілді. Екінші күні ойын-сауық шаралары шамамен көбірек өтті; шахмат, бильярд, роликпен сырғанау, дартс бойынша турнирлар өтті, сондай ақ «Думан» Туған күніңмен» атты сүреттер сайысы, сонымен бірге «Ата, әже және мен» атты отбасылық ойын сауық бағдарламасы. Осы жоғарыда атап өткен турнирлардың аяғында, жюри қортынды шығарды. 3 шілдеде осы шаралардың соңғы бөлігі өткізілді, онда турнирлардың жеңімпаздарын біздің ойын сауық орталығының мадақтама қағазы мен естелік сыйлықтарын беріп марапаттау рәсімі өткізілді, сондай ақ барлық келушілерге концерттік және ойын бағдарламасы жүргізілді, осы іс шаралардың аяғында үлкен мерекелік торт болды.
Біздің құрметті және қымбатты қонақтарымыз ұмытылмас әсер, жарқын сезімдер алды және көптеген сыйлықтарға ие болды.
Турнирлар жеңімпаздарының тізімі:
Бильярд бойынша :
Бірінші орын – Азербайжан Ұлттық мәдени орталығы
Екінші орын – Ұйғур Ұлттық мәдени орталығы
Үшінші место – Дүнген Ұлттық мәдени орталығы
Шахмат бойынша:
Бірінші орын – Кыдыргалиев Мейрман
Екінші орын – Ахметбек Али
Үшінші орын – Шахпутов Мукажан
Дартс бойынша:
Бірінші орын – Ибрагимов Алмат
Екінші орын – Нуракаев Адильбек
Үшінші орын – Жексен Ермекович
«Фристайл» роликпен сырғанау бойынша:
Бірінші орын – Эгиева Тамила
Екінші орын – Каирбекова Малика
Үшінші орын – Бурунчин Аман
«Думан» Туған күніңмен» атты сүреттер сайысында - Данилова Елизавета
«Ата, әже және мен» атты отбасылық сайыста жеңімпаз - Жангереевтер отбасы
22.06.2011
Біздің «Думан» ойын сауық орталығы «Аға ұрпақ күніне» концерттік бағдарламаны ұйымдастырды, «Торнадо» дәмханасында шәй ішу үшін арнайы талон таратты. Сондай ақ мұхитаралды көруге 100% жеңілдік жасады. Осы күні біздің қымбатты зейнеткерлеріміз үшін фольклордық ансамбль ойнады, би ұжымы өзінің әдеми билерімен көңіл ашты, әншілер болса сол апаларымыз бен аталарымыздың заманындағы әндерді айтты. Біздің құрметті қонақтарымыз «теңіздей» әсер алып, уақыттарын көңілді өткізді.
10.06.2011
«Туған күніңмен, «Думан!!!»
1,2,3-шілде күндері – «Думанның» туған күні
Биылғы жылы бізге 8 жыл толады. Өзінің туған күні құрметіне «Думан» ойын-сауық орталығы үш күн бойы, 2011-жылдың 1-шілдесі мен 3-шілдесі аралығында, мәдени-ойын-сауықтық, танымдық маңызы бар іс-шара - фестиваль өткізеді.
1-шілде күні (алғашқы күні – мерекенің ашылуы) ұлттық мәдени «Достық, бірлік, думан» атты I ашық астаналық байқау болады. Бұл ойын-сауықтық, танымдық, мәдени іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты астанамыздың түрлі мәдени орталықтары өкілдерінің басын біріктіріп, олардың арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Маңызы зор бұл іс-шара қол жетімді әрі жеңіл, ойын-сауық және танып-білу жолдары арқылы біздің болашақ ұрпағымыздың, мақтанышымыз-балаларымыздың назарын аудару үшін өткізіледі, бұл байқау өскелең ұрпаққа өзінің халқы мен мәдениетін көрсету, сондай-ақ Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын біліп, тану, бір-бірімен етене араласу мүмкіндіктерін береді.
Бұл 1.07.2011 ж. сағат 13.00-де іс-шара ойын-сауық орталығында болады.
2011-жылдың 2-шілдесі күні сағат 11.00-де біздің іс-шараларымыздың жалғасы – спорттық-ойын-сауық сипаттағы «Қызықтар қаласы» атты іс-шара өтеді. Шахмат ойындары, «Фристайл» роликпен сырғанау, дартс, «Алтын кий» бильярды бойынша турнирлер өтеді. Екінші күні өткізілетін негізгі іс-шара – «Ата, әже және мен» атты ойын-сауық болмақ. Ол аға ұрпақ өкілдері (аталар мен әжелер) мен олардың немерелері үшін арнайы дайындалған.
2011-жылдың 2-шілдесі күні сағат 13.00-де жыл сайынғы Салтанатты неке тіркеу салтанаты болады.
2011-жылдың 3-шілдесі күні сағат 13.00-де «Фестивальдің жабылуы» болады. Бұл күні сіздерге концерттік бағдарлама, фестивальдің алғашқы екі күнінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты ұсынылады. Аталған іс-шаралардың қорытынды бөлігі барлық қонақтар үшін ұйымдастырылған ойын бағдарламасы болып табылады.