www.duman.kz / Жаңалықтар / Жаңалықтар


2010 жылдың мұрағаты | 2009 жылдың мұрағаты
2008 жылдың мұрағаты | 2007 жылдың мұрағаты
2006 жылдың мұрағаты | 2005 жылдың мұрағаты
2004 жылдың мұрағаты | 2003 жылдың мұрағаты

2010 жылдың мұрағаты

02.07.10

Құрметті журналист мырзалар!

Қаламыздың қонақтары мен тұрғындары үшін Астананың туған күні мерекесіне арнап тосын сыйлықтар сыйлау «Думан» Ойын-Сауық Орталығы» АҚ-на дәстүрге айналған. Өткен жылдары ұжымның күшімен «Қазақстан балықтары» атты жаңа көрме аймағы ашылды, онда отандық су қоймаларының өкілдері мекен етеді; «Бөбекжай» балалар ойын алаңшасы ашылды; 3D-Кинотеатрдан 5D форматына жаңашылдандыру жүргізілді; Мұхитаралдың бірінші көрме аймағында қосымша 3 аквариум орналастырылды; Күмбезді кеңістіктің бассейндері тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталып, жергілікті балықтармен толтырылды және т.с.с..

Биылғы жылы біздің компаниямыздың ұжымы «Думан» Ойын-сауық орталығының 7 жылдық құрметіне өз келушілеріне сыйлыққа жаңа қоныстанушыларымен Балықтар үйін дайындап отыр! Оның салтанатты ашылуы Астана күні қарсаңында - 3-шілде, сенбі күні сағат 12.00-де «Думан» Ойын-сауық орталығының Мұхитаралында болады. Бұл жобаны жасау идеясы мен оны іске асыру «Думан» Ойын-Сауық Орталығы» АҚ-ы командасының өз күштерімен жүзеге асырылды.

Өзінің жұмыс істей бастаған алғашқы күндерінен-ақ біздің команда кешенді астанамыз бен республикамыздың барлық тұрғындары үшін, олардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, атап айтқанда, ең алдымен, қорғалмаған халық қатары – балалар мен егде адамдар, демалатын және бос уақыттарын өткізетін орталыққа айналдыру позициясын ұстанып келеді. Сол себепті, бұл жоба, ең алдымен, біздің кішкентай келушілерімізге арналады. Бұл «үйде» балықтармен бірге кішкентай ғана орындықтар, үстелдер, дивандар және тағы да басқалар мекен етеді...

Сонымен қатар, мерекелік бағдарламада клоундардың қатысуымен қызықты ойындар, концерт және келушілерге арналған үлкен торт ұйымдастырылған!

Егер Сіздерді осы ақпараттар қызықтырған болса, барлық сұрақтарыңыз бойынша 24-24-85, 24-24-69 телефондары арқылы Маркетинг қызметіне хабарласуларыңызға болады.

02.06.10

28.04.10

Назар аударыңыздар! Назар аударыңыздар!

«Думан» Ойын-сауық орталығы өзінің ашылғанына 7 жыл толуы құрметіне келушілер үшін көптеген сюрприздер мен сыйлықтар дайындады!!!

2010-жылдың мамыр айы бойы: 2003-жылдың 6-мамыры күні туылған балаларға біздің дайындаған сыйлығымыз – олар Мұхитаралға ТЕГІН кіреді. (Туу туралы куәлікті ұмытып кетпеулеріңізді өтінеміз).

Сондай-ақ, 2010-жылдың мамыр айы бойы мұхитарал мен кинотеатрға кіруге сатып алған билеттерінің нөмірі «77» санымен аяқталған келушілерге ЖЕҢІЛДІКТЕР ұсынылады:

- 10% - сауда желісінде белгіленген тауарлар тобын сатып алуға;

- 10% - «Лагуна» бар-клубына екі адамға кіруге.

1-мамырдан бастап 2010-жылдың аяғына дейін әр сәрсенбі мен бейсенбі күндері: 2003 жылы туылған барлық балаларға мұхитарал мен 5D-киноаттракционға кіруге 50% жеңілдік жасалады. (Туу туралы куәлікті ұмытып кетпеулеріңізді өтінеміз).

1-мамырдан бастап 2010-жылдың аяғына дейін: біздің дүкендерімізден бір рет 7000 теңгедегі және одан жоғары сомаға сауда жасаған барлық келушілерге «Лагуна» бар-клубына екі адамға кіруге 20 % жеңілдік жасалады.

28.03.10

Акция «Счастливая 7»

Мереке және демалыс күндері «Бақытты 7» атты акцияның екінші кезеңі өткізілді. Сатып алушыларға үйге қоюға арналған сувенирлер, шамдалдар, сәндік шамдалдар, картиналар, фотоальбомдар және өзге де қызықты сыйлықтар ұсынылды. 2010 жылдың 20-24 наурызы - мереке және демалыс күндері кезеңінде сауда желісінің дүкендерінде 639 рет сауда жасалып, оның ішінде шамамен 147-сі акцияға қатыстырылған тауарлар бойынша болды.

10.03.10

«Бақытты 7» акциясы

Сауда желісінің дүкендерінде 2010 жылдың 6-8 наурызы күндері «Бақытты 7» акциясы өткізілді.

2010 жылдың 6-8 наурызы - үш мереке мен демалыс күндері кезеңі ішінде сауда желісінің дүкендерінде 417 рет сауда жасалған, оның ішінде 270-ге жуығы акцияға қатысқандардың тауарлары бойынша жүргізілген. Яғни, ең аз дегенде 270 адам біздің мерейтойымыз туралы естіп білді. Кейбір сатып алушылар келесі күні тағы да акция бойынша зат сатып алуға келіп жатты, сауда жасауға таныстарын ертіп келген келушілер де болды.

Сондай-ақ:

1. «Наурыз» мерекесіне де акция өткізу күтілуде. Оған келесі тауарлар шығарылады: үйге арналған сувенирлер, өрілген себеттер, темекі сақтауға арналған құралдар, сәндік шамдалдар және өзге де сыйлықтар.

2. Балаларды қорғау күніне де акция өткізу көзделіп отыр. Оған келесі тауарлар шығарылады: балалар ойыншықтары, қуыршақтар, балалар аяқ киімдері, балалардың киімдері мен балаларға арналған өзге де тауарлар.

Жаңалықтарға қарап жүріңіздер.



Rambler's Top100