|
2008 жылдың мұрағаты
2007 жылдың мұрағаты
2006 жылдың мұрағаты
2005 жылдың мұрағаты
2004 жылдың мұрағаты
2003 жылдың мұрағаты.
20 сәуір.
"Думан"-Ойын-Сауық Орталығының ашылуына екі күн қалғанда, "Мұхитаралға" алғашқы теңіз жәніктері жеткізілді. Астанаға чартерлік әуе жолымен 2210 түрлі балық тұқымдастары әкелінді.
6 мамыр.
Дәл осы күні "Думан"-Ойын-Сауық Орталығының салтанатты ашылуы болды. Рәсімге қатысқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Думанның" басты кереметі-ТМД аумағында тұңғыш ашылған "Мұхитарал" - Океанариум екенін атап өтті. Оған түрлі тұқымдардан екі мыңға жуық мұхит балықтары жинастырылды. Олар жалпы көлемі 3,5 млн. литр су сыйатян түрлі ауқымдағы аквариумдерде бағылуда. Бір кереметі-Мұхитаралда пайлаланатын теңіз суын дайындау үшін жыл сайын 120 тонна тұз қажет болуда.
-Біздің аймағымызға тән ұзақ та суық қыста кез келген отбасы осында демалуға келіп, жұмыр жердің өзге бір түкпірінде бола алады. Мен осы жайлы көптен армандап едім, сол мақсатым жүзеге асты, - деді Н.Назарбаев.
30 мамыр.
Петропавл қаласының тұрғыны Асқар Антаев "Думан"-ОСО-ына кіретін 25 000-шы билеттің иегері атанды. Бұл оның ғана бақытты билеті емес, сондай-ақ, Орталық үшін де жақсылық нышаны болды. Думан қызметкерлері мойындағандай, ашылғанына небары екі апта да толмаған Орталыққа осынша көрерменнің келуін өзіндік рекорд десе де болады. Жиырма мыңыншы келушіні "Думанны" бүкіл ұжымы қарсы алды. Оған кәдесыйлар тарту етіліп, жеке өзі үшін Мұхитаралға саяхат ұйымдастырылды.
22 маусым.
"Думан"-Ойын-Сауық Орталығында "Егде адамдар күні" мерекесі болып өтті. Бұл күннің құрметті қонақтары - Ұлы Отан соғысының ардагерлері болды. Олар үшін мерекелік түстік ұйымдасытырылып, қазақстан эстрадасы жұлдыздарының күшімен концерт берілді. Ойын-Сауық Орталығына келуші барлық меймандарға "Думанға" кіру ақысы 50 %-ға арзандатылды.
4 шілде.
Бұл күні "Думан"-ОСО"-ы туралы жазылған ең үздік туындылардың авторларына көтермелеу сыйлықтарын тапсыру рәсімі болып, әкімшілік БАҚ-тың ақпараттық қолдауларын жоғары бағалады. Сыйлықтар тапсырылған соң, би ұжымдарының қатысуымен концерт берілді.
10 тамыз.
Құрлысшылар Күнін мерекелеуге "Думан"-ОСО-ы Астана қаласының жекелеген құрлыс ұйымдарының басшыларын шақырып, оларға көрсетілетін барлық қызмет түрлеріне 50 % жеңілдіктер жасап, тойға өз үлесін қосты.
19 қыркүйек.
"Думан"-Ойын-Сауық Орталығында қазақстанның үш жас суретшісінің көрмесі болып өтті. Келушілер назарына "Шабыт-2002" фестивалінің бірінші сыйлығының лауреаты Динара Нөгер, ҚР суретшілер одағының мүшесі Асығат Ахмедияров және суретші-баталист Абай Сүйінішәлиевтер өз туындыларын ұсынды.
13 қараша.
"Думан"-ОСО-ы өзінің екі жүз мыңыншы келушісін қарсы алды. Ол әскери қызметкер, полковник Петр Шегольков болып шықты. Ойын-Сауық Орталығының қызметкерлері келушіні шын жүректен құттықтап, оған ескерткіш сыйлықтар тапсырды.
|