www.duman.kz / Жаңалықтар / Мұрағат


2008 жылдың мұрағаты
2007 жылдың мұрағаты
2006 жылдың мұрағаты
2005 жылдың мұрағаты
2003 жылдың мұрағаты

2004 жылдың мұрағаты

4 ақпан

"Думан" ОСО-ы Әнші Балапан" байқауына қатысуға Ресейден, Украинадан, Эстониядан, Франциядан, Америкадан және өзге де елдерден келген өнерпаздарды қарсы алды. Балалар Мұхитаралда, 3-Д Кинотеатрында, балалар аттракционында болып, риза болысты. Бұл шараның демеушісі де "Думан" болды.

4-6 ақпан

"Думан" ОСО-ы жерлестерін тың игерудің 50 жылдық мерекесімен құттықтады. Тұңғыш тың игерушілерге кұрметтер жасаған ұжым, келушілердің баршасына 50 пайыз жеңілдіктер жасады.

6 наурыз

"Думан" ОСО-ының жанынан мүмкіндіктері шектеулі балаларды шығармашылыққа тәрбиелеуге маманданған "Океан-АРТ" шығармашылық орталығы жұмыс істей бастады. Қызметтің бұл түрі балаларды сурет салу мен музыка арқылы, мұхит фаунасының ықпалымен көңіл-күй және дене тәрбиесіне әсерлер жасау негізінде емдейтін арт-терапия саласының экспериментті-зерттеулік жұмыс аясы болып саналады.

22 наурыз

"Думан" Ойын-Сауық Орталығында мезгілдің көктемгі теңелуінің, жасаруының мерекесі Наурыз тойы аталып өтті. Келушілерге бұл күні астана өнерпаздарының қатысуымен шоу-бағдарлама көрсетіліп, бағалы сыйлықтар ойналды.

15 наурыз

"Думан" ОСО-ы жас қазақстандықтар қатысқан "Жас қанат" республикалық байқауына демеуші болды. Оған қатысушылар ойын-сауық орталығының 3-Д кинотеатрын, Мұхитаралын және өзге де тамашаларын қызықтап, ұмытылмас әсерлерге бөленді.

5 мамыр

Өзінің құрылған күні кұрметіне "Думан" ОСО-ы Астана меймандары мен тұрғындарына қызықты шоу ұйымдастырды. Көрермендерге Астана қаласының вокалды және аспалты өнер ұжымдарының қатысуымен концерт беріліп, бағалы сыйлықтар мен жүлделер таратылды. Балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиленушілері үшін Мұхитаралға тегін саяхаттар ұйымдастырылды. Мерекелі күннің соңында "Думан" Ойын-Сауық Орталығын отшашулар нұрға бөледі.

9 мамыр

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерекесі күні "Думан" ОСО-ы ҰОС ардагерлерін қабылдады. Осы мерекенің құрметіне Дильназ Ахмадиева, Бүркіт, Евгения Жағалтаевлардың қатысуымен қазақстан эстрадасы өкілдерінің қайырымдылық концерті берілді. Салтанатқа қатысушылар көңілдері ризашылыққа бөленді.

1 маусым

Балаларды қорғау Күні "Думан" ОСО-ы Астана қаласындағы әлеуметтік бейімделу Орталығының тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық қабылдауын жасады. Балар аттракцион мен Мұхитаралды аралап, сайқымазақтар концертін тамашалады. Соңында балалардың барлығына сыйлықтар таратылды.

11 маусым

"Думан" ОСО-ы Астананың балғын құрдастарын құттықтады. Осы күні 17 бүлдіршін 6 жасқа толды. Мектепке дейінгі жастағы балғындарға мерекелік концерт ұйымдастырылп, тартулар сыйланды.

22 маусым

Ұлы Отан соғысының басталған күні "Аға ұрпақтар күнін" өткізуді "Думан" дәстүрге айналдырды. Соғыс жылдарының ауыр зардаптарын бастарынан өткерген аға ұрпақ өкілдерін жыл сайын шақыратын "Думан" ОСО-ы соғыс мүгедектері мен олардың туыстарына тегін қызметтер көрсетеді. Бұл күні аға ұрпақ өкілдеріне дастархан жайылып, мәдени бағдарламалар ұсынылады.

1 қыркүйек

Білім Куніне "Думан" ОСО-ы мектеп оқушылары үшін арнайы бағдарлама әзірледі. Барлық аттракциондарда, Мұхитаралда, 3-Д кинотеатрында олар үшін үлкен жеңілдіктер жасалды.

23-25 қазан

"Думан" ОСО-ы отандастарын Қазақстан Республикасының Күнімен құттықтады. Мұхитарал мен киноаттракционға кіруге 50 пайыз жеңілдіктер берілді.

16-19 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің Күнін тойлау құрметіне астананың барлық меймандары мен тұрғындарына Мұхитаралға және киноаттракционға кіру үшін жеңілдіктер жарияланды. Бұл күні көңілді сайқымазақтардың қатысуымен концерттік бағдарламалар беріліп, тартулар мен кәдесыйлар таратылды.



Rambler's Top100











Web100.kz - Спорт и развлечения | Бары, кафе, рестораны