|
2008 жылдың мұрағаты
2007 жылдың мұрағаты
2006 жылдың мұрағаты
2004 жылдың мұрағаты
2003 жылдың мұрағаты
2005 жылдың мұрағаты.
11 қаңтар.
"Думан" -ОСО-ының Мұхитаралы - табиғи өсімге ие болды. Мысық акулалардың, жұмыртқа салушылар, алғашқы ұрпақтары дүниеге келді.Ұрғашы акулалар жұмыртқа салуға 2004 жылдың қыркүйегінде кірісіп, 2005 жылдың қаңтар айының алғашқы он күндігінде өмірге 8 кішкене акулаларды әкелді. Олардың ата-аналары-мысық акулалардың 3 ұрғашысы мен 6 еркегі Астанаға Тынық мұхитының жағалау аймақтарынан әкелінген болатын. Мұхит балықтарының жасанды ортада көбеюі-сирек кездесетін құбылыс. Енді, міне, акулалардың жаңа ұрпағын өзіміздің "қазақстандық акулалар" деуге әбден болады.
22 наурыз.
Бұл күні "Думан" -Ойын-Сауық Орталығы қала тұрғындарын әлемдік сәулет өнерінің жәдігерлері мен балалар аттракциондары орналасқан Орталық күмбезді аумақтың ашылуымен қуантты. Салтанатты ашылудың рәсіміне Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысты. Маңызды оқиғаның құрметіне фуршет беріліп, сондай-ақ, қазақстан эстрадасы артистерінің қатысуымен үлкен концерттік бағдарлама көрсетілді.
5 мамыр.
Өзінің екінші туған күнінің құрметіне "Думан" -Ойын-Сауық Орталығы меймандар мен қала жұртшылығы үшін қызғылықты концерт ұйымдастырды. Бұл күні барлық келушілерге Мұхитаралды тамашалау бағасына жеңілдіктер жасалып, Орталық аумақтың Күмбезі аясында астана лық эстрада артистерінің қатысуымен концерт берілді. Келушілер арасында бағалы сыйлықтарға ұтыстар ойналды. Кешке-көрермендер алдында "Мюзикола" алматы дуэті өнер көрсетті.
8 мамыр.
"Думан" -ОСО-ы ардагерлерді қарсы алды. Қала басшылары соғыс пен тылдағы еңбек ардагерлеріне "Ұлы Отан соғысындағы жеңіске-60 жыл" медальдарын табыс етті. Шараға қатысушыларға Мұхитаралды көру ұсынылып, одан соң, мерекелік түстік беріліп, ескерткіш кәдесыйлар тапсырылды.
24-25 қыркүйек.
"Думан"-ОСО-ы таяу және алыс шетелдердің өкілдері қатысқан қазақ әндерінің "Астана-2005" халықаралық Үшінші Байқауын өткізуге демеуші болды. Орталық Күмбезді аумақта конкурсқа қатысушыларға арналған жеребе тастаудың бірінші кезеңі өткізілді. Аталған шараның ресми бөлімінен кейін байқауға қатысушылар Мұхитаралды тамашалады.
27 қазан.
"Думан"-Ойын-Сауық Орталығының қызметкерлері бұл күні Қытайлық меймандарды- Бен-жің мұхитаралының өкілдерін қарсы алды.Осы кездесудің нәтижесінде астаналық Мұхитаралда қызмет істейтін мамандардың тәжірибе алмасуы мен кәсіби біліктіліктерін көтерулері мақсатында өзара қарысм-қатынастар жөнінде шарт жасалды.
5-7 желтоқсан.
Америкалық әріптестерінің шақыруымен "Думан" -Ойын-Сауық Орталығының қызметкерлері Монтерей /АҚШ/ қаласындағы "Монтерей Бей аквариум" мекенінде өткен океанография жөніндегі Бірінші Халықаралық конференцияға қатысып қайтты.
7 желтоқсан.
"Думан"-ОСО-ының Мұхитаралына теңіз мекендеушілерінің жаңа үлкен тобы жеткізілді. Бір кереметі - бұл жолы чартерлік әуе жолы тірі жүктерді планетаның 30 градустық ыстықтағы нүктесінен аязды Астанаға бірден әкелді. Бұл- жүкті жеткізуге де,балықтардың көңіл-күйлеріне де әсер еткен жоқ.Аталған шара ойдағыдай атқарылды.
16 желтоқсан.
Тәуелсіздік Күнінің құрметіне барлық меймандар мен астана тұрғындарына Мұхитарал мен киноаттракциондарға кіру құндарына жеңілдіктер жарияланды. Келушілерге бұл күні сайқымазақтардың қатысуымен ойын-сауықтық және көңіл көтеру бағдарламаларынан тұратын шаралар ұсынылып, ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.
|