www.duman.kz / Жаңалықтар / Мұрағат


2008 жылдың мұрағаты
2007 жылдың мұрағаты
2005 жылдың мұрағаты
2004 жылдың мұрағаты
2003 жылдың мұрағаты

2006 жылдың мұрағаты.

14 ақпан

Қасиетті Валентин мерекесіне орай "Думан" ОСО-на келген барлық ғашықтарға арнайы қабылдаулар жасалды. Оларға сыйлықтар, астаналық эстрада әртістерінің қатысуымен өткен мерекелік концерт және ойын-сауық Орталығының барлық дәмханаларында "Ғашықтарға арналған" меню ұсынылып, аса бір әдемі романтикалық атмосфераның орнауына ықпал етілді.

8 наурыз

8 - Наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге арналған шаралар "Думан" ойын-сауық Орталығында да ерекше қызықты өтті. Келуші әйел-аналарға, қыз-келіншектерге арналып Астана қаласы көркемөнерпаздар ұйымдарының қатысуымен өткізілген ойын-сауық бағдарламасы керемет сыйлық ретінде ұсынылды. Тірі дауыспен айтылған әндер, жалынды билер, әдемі күлкілер мен жалпы сауық - сайран Орталық ішіне көктемнің ерекше бір лебін әкелгендей болды.

22 наурыз

"Думан" Ойын-Сауық Орталығында мезгілдің көктемгі теңелуінің, жасаруының мерекесі Наурыз тойы аталып өтті. Келушілерге бұл күні астана өнерпаздарының қатысуымен шоу-бағдарлама көрсетіліп, бағалы сыйлықтар ойналды.

18-22 сәуір

Бірнеше жылдан бері демеушісі "Думан" ойын-сауық орталығы болған "Жас қанат" республикалық ән конкурсына қатысушылар ойын-сауық орталығында болды. Мұнда қатысушылар арасында дәстүрлі жеребе тарту өткізіліп, конкурс соңынан "Думанның" арнайы жүлдесі әдемі әндерімен жарқ еткен Бауыржан Ңұрымбетовке табыс етілді.

9 мамыр

Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнін мерекелеу "Думан" ОСО-да аса салтанатпен өтті. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған қатысушыларды зор ілтипатпен қарсы алған думандықтар, оларға арнап ас беріп, қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуымен қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Салтанатты жиынға қатысушылардың әрқайсысы өздерінің ой-пікірлерін білдіргенде, мерекелік қабылдаудың ерекшелігі мен көңіл-күйлерінің ерекше екендігін атап өтті. Сондай-ақ бұл күні Мұхитаралға келушілер үшін 50 пайыздық жеңілдіктер жасалды.

10 маусым.

"Думан"-Ойын-Сауық Орталығында дарындылық пен әдеміліктің және сымбаттылықтың "Балауса"-ІІ астаналық балалар байқауы өтті. Оған 5 пен 14 жастар аралығындағы балалар қатысты. Байқауды ұйымдастырушылар конкурс өткен Күмбезді залдың аумағындағы залдың көркемдігіндегі үйлесімділікті жоғары бағалай келе, мұндағы ахуалдың балалар шарасын сәтті өткізуге игі ықпалын тигізгенініне ризашылық білдірісті.

19 маусым

"Думан" ойын-сауық Орталығының үш жылдығына орай, онда "Бобекжай" жаңа балалар ойнайтын алаңқайдың ашылуы болып өтті. Ашылу салтанатын өздері бастаған бөбектер арнайы дәстүрлі лента қию рәсімін өткізген соң, ұсынылған ойындарды көруге кірісіп кетті. "Құрғақ" бассейнге суға түсу, үлкен фонтаны бар жылғада балық аулау, электромобильдерді жүргізу, т.б. қызықтар балаларды қуанышқа кенелтті. Ал, "Думан" ОСО-ғы атынан ұсынылған бес қатарлы үлкен торт, тіпті, ата-аналардың балалық шағын естеріне түсірді. Соңынан келушілер спектакль көріп, "ALL давай", "FM", " Астана. KZ" КВН командасының қатысуларымен өткен концерттік бағдарламаны көрді.

21 маусым.

"Думан"-ОСО-ы жанындағы "Океан-Арт" шығармашылық орталығы "Қорқыныш-үрейлі емес"-акциясын өткізді. Бұл күні "Думанның" әр мейманы өзінің жан дүниесінің түкпірлерінде жасырынып жатқан қорқынышты шығармашылық әдіспен қағазда бейнелеп, одан соң оны жағып, санасын психологиялық жүктен артылту мүмкіндігіне ие болды.

22 маусым

Ұлы Отан соғысының басталған күні "Аға ұрпақтар күнін" өткізуді "Думан" дәстүрге айналдырды. Соғыс жылдарының ауыр зардаптарын бастарынан өткерген аға ұрпақ өкілдерін жыл сайын шақыратын "Думан" ОСО-ы соғыс мүгедектері мен олардың туыстарына тегін қызметтер көрсетеді. Бұл күні аға ұрпақ өкілдеріне дастархан жайылып, мәдени бағдарламалар ұсынылады.

30 тамыз.

Қазақстан Республикасының Конститутциясы Күнін мерекелеу құрметіне Мұхитарал мен киноаттракционға кіру құндарына жеңілдіктер жасалды. Келушілерге бұл күні көңілді сайқымазақтар қатысқан концерттерден тұратын бағдарлама ұсынылып, сыйлықтар мен тосын тартулар таратылды.

19-21 қыркүйек.

Астанада қазақ әндерінің "Астана-2006" халықаралық Төртінші байқауы болып өтті. Оған Болгариядан, Индонезиядан, Қытайдан, Балтық жағалауы елдерінен, Мальтадан, Мексикадан, Румыниядан, Чехиядан жас орындаушылар қатысты. "Думан"-ОСО-ы кезекті демеушілігін жасады. Қалыптасқан дәстүр бойынша бірінші кезеңнің жеребе тастауы "Думанның" Орталық күмбезді залында өтті.

21-24 қыркүйек.

Бұл күндері Астанада Мәскеу, Уфа, Бішкек және Астана театрлары актерлерінің қатысуымен Бірінші Халықаралық "Театр әлемі-2006" театр фестивальі өткізілді. "Думан"-Ойын-Сауық Орталығы аталған шараға демеушілік жасап, актерлерге Мұхитаралда болу мүмкіндігін ұсынды.

28-30 қыркүйек.

Астананың "Конгресс-Холлында" Түркия, Малайзия, Қытай, Ресей және басқа да елдердің делегациялары қатысқан Үшінші Халықаралық "Демалыс-2006" көрмесі болды. "Думан"-ОСО-ы өзін туризм үшін Астанадағы назар аударар жерлердің бірі ретінде көрсете отырып, аталған шараға ықыласты демеушілердің қатарында болды.

1 қазан.

"Думан"-ОСО-ында егде адамдардың Халықаралық Күні аталып өтті. Құрметті меймандар-зейнеткерлерге және оларды ертіп әкелгендерге мерекелік шәй ішу рәсімі ұйымдастырылып, астаналық артистер өнер көрсетті. Ойын-Сауық Орталығы келушілерге Мұхитаралды көру құнына 50 пайыз жеңілдіктер жасады.

18 қазан.

Бұл күні Мұхитаралда қазақстан ихтиофаунасының жиырма түрлі өкілдерінен тұратын елуден астам балықтарды жинаған "Қазақстан балықтары" жаңа көрме аумағы ашылды. Балықтардың дені Қызыл кітапқа енген. Олардың кейбір түрлерін көшіріп алып келуге жарамайтындықтарынан және өзге мекендерге қоныстанбайтындығынан, Мұхитарал қызметкерлерінің өздерінің өсірулеріне тура келді.

24-26 қазан

"Думан" ОСО-ның өкілдері қытайдың Пекин океанариумында өткен Екінші Дүниежүзілік океанография жөніндегі конференцияға қатысып қайтты. Астанадан келген мамандардың барлық делегациялар ішінде "құрлықтағы" жалғыз океанографтар болғандары көптеген делегация мүшелерінің қызығушылығын тудырғанын атап өткен жөн. Астана Мұхитаралының қол жеткізген табыстары жайлы "Думан" ойын-сауық Орталығының Бас директоры Патима Тұраәліқызы Матжанова мағыналы баяндама жасады.

25 қазан.

Республика Күні "Думанда" өткен демалыс келушілер үшін нағыз отбасылық мерекеге айналды. Бұл күні келгендерді ертегілердегі балаларға арналған кейіпкерлердің қатысуымен көрсетілген театрландырылған қойылымдар, ата-аналар үшін ұсынылған эстрада артистерінің концерттері ерекше риза етті. Сондай-ақ,олар Мұхитаралдағы "Қазақстан балықтары" жаңа көрме аумағын тамашалады.

26 қазан.

"Думан"-ОСО-ы Астанада өткен Төртінші Халықаралық Дельфийлік ойындарға демеуші болды. Әлемнің 11 елінен, оның ішінде Жапония, Германия, Қытайдан, ТМД-ының кей елдерінен келген балғын делегация өкілдері Қазақстан Астанасының басты демалыс жерлерінің бірі-Мұхитаралды тамашалады.

4-12 қараша.

Мектеп оқушыларының демалыс кезеңіне байланысты "Думан" аттракциондар мен Мұхитаралға кіру құндарына бұрын болмаған жеңілдіктер жариялады. Бұл күні ерекше құрметке балалар үйлерінің, мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері ие болып, "Думанны" барлық қызықты жерлерін тегін аралап, көрді.

28 қараша-1 желтоқсан.

"Думанны" бас аквариумисі Мәскеуде /Ресей/ өткен зоопарктер мен океанариумдердің Еуразиялық аймақтық ассоцациясының кеңесіне қатысты.

1-4 желтоқсан.

"Думан" -Ойын-Сауық Орталығының қызметкерлері Пекинде /ҚХР/ өткен аквариумистердің Екінші Халықаралық кеңесіне қатысып, "Теңіз аквариумистикасы" бағдарламасы бойынша сабақтар алды.



Rambler's Top100











Web100.kz - Спорт и развлечения | Бары, кафе, рестораны