|
2008 жылдың мұрағаты
2006 жылдың мұрағаты
2005 жылдың мұрағаты
2004 жылдың мұрағаты
2003 жылдың мұрағаты
2007 жылдың мұрағаты.
16.12.07
Tәуелсіздік кyнi
16 желтоқсанда Қазақстан халқы ұлттық мерекеміз - Тәуелсіздік күнін атап өтті. Бұл мереке Қазақстан Республикасының халқы үшін өте маңызды болып саналады, өйткені ол біздің еліміздің жаңа тарих бастауының негізін қалады. Бұл мереке 16 жылдан бері тойланып келеді, міне, содан бері ол біздің мықты, көрікті, азат және бай еліміздің нағыз туған күніне айналды!
Мереке күндері "Думан" Ойын-Сауық Орталығы өз келушілерін құшақ жая қарсы алды. Дәстүр бойынша бұл күндері Мұхитарал мен 3М кинотеатрына кіруге 30%-дан 35%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылды.
Әрине, бұл күндері ересектер ғана емес, сонымен қатар балалар да уақыттарын қызықты өткізді. Күмбезді Кеңістікте барлық жас топтары үшін ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер қылжақбастар ортасында қызыққа батып, "Көңілді старттар" ойын-сауық бағдарламасына қатысты. Ал сәл ересек балалар "Спорттық ойындар бойынша шағын турнир", "Мен- чемпионмын" атты жарыстарға қатысып, өздерінің ептіліктері мен шыдамдылықтарын көрсете білді. Осындай спорттық және интеллектуалдық жарыстарға қатысып, шаршап-шалдығып, соңынан лайықты сыйлықтарын алғаннан кейін оларға көңілді әрі тәрбиелік мағынасы зор "Сиқыршы Ох!", "Бахрам мұрасы", "Алдар Көсе" атты ертегілерін тамашалау ұсынылды.
Аға ұрпаққа да көңіл бөлінбей қалған жоқ. Ересек келушілеріміз үшін думандықтар "Менің Отаным - Қазақстан" атты концерттік бағдарлама дайындады.
Мереке күндері "Думанға" 9600 адам келсе, оның ішінде 5873 келуші өздерінің сүйікті Мұхитаралына, ал 1516 келуші 3М кинотетрына кіріп тамашалады.
03.10.07
Алақай! Каникул басталды!
"Алақай! Каникул басталды!". Мұндай қуанышты дауыстарды көптен күтіп, дәмеленіп жүрген оқушылардың аузынан естуге болады. Міне, бұл күндер де алыс емес. Оқушылар уақытты қалай өткізетіндерін алдын-ала жоспарлайды. Олардың бірі өздері үшін жаңалық ашып кітапханаларда отырса, басқалары достарымен бірге кинотеатрлар мен аттракциондарға барып, көңілдерін көтеріп жатады.
"Думан" Ойын-Сауық Орталығында сауық-сайрандардың қандай түрін таңдасаң да табылады: су асты хайуанаттар дүниесінің сан алуан өкілдері бар Мұхитарал, фильмнің басты кейіпкері болуға мүмкіндік беретін 3D Кинотеатры; бөбектер үшін ыңғайлы да жайлы әрі көңілді аттракциондар; кішкентай сенқой қыздардың өздеріне және өздерінің қуыршақтары үшін әдемі киімдер табуға болатын дүкендер; ер балалар үшін сан-алуан ойыншық машиналар мен қару-жарақтар; ал тамақтандыру кәсіпорындарындағы тәтті тағамдар ешкімді селсоқ күйде қалдырмаса керек. Сондай-ақ, балалар бұл күні орталық күмбездік кеңістікте ұйымдастырылатын іс-шараларға да қатысуларына болады.
Оқушылардың күзгі демалыс күндерінде өтетін
ойын-сауық іс-шараларының бағдарламасы
(3 қарашадан 11 қарашаға дейін)
03.11.07 - "Алақай! Каникул басталды!" атты ойын-сауық бағдарламасы
04.11.07 - Қуыршақтық қойылым
06.11.07 - Қуыршақтық қойылым
07.11.07 - "Конкурстар мен жұмбақтар калейдоскопы" атты ойын-сауық бағдарламасы
08.11.07 - Қуыршақтық қойылым
09.11.07 - "Аузыңды ашпай, бізбен бірге үлгер!" атты спорттық ойын-сауық бағдарламасы
10.11.07 - Қуыршақтық қойылым
11.11.07 -"Көңілді старттар" атты спорттық ойын-сауық бағдарламасы
25.10.07
Республика күні!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі - Республика Күні- еліміздің көпұлтты халқы үшін маңызы зор мереке. Қазақстандықтар бұл күні бірін-бірі шын жүректен құттықтап, қонақтар қабылдап жатады. "Думан" Ойын-Сауық Орталығы да әрекетсіз қалған жоқ. Ол әдеттегісінше өз қонақтарын жылы шыраймен құшақ жая қарсы алды!
"Думан" әр қонағына жайлы да ыңғайлы жағдай жасап, мерекелік көңіл-күйін көпке дейін есінде қалатындай көтере біледі.
25, 26, 27 қазан мереке күндері думандықтар келушілерге дәстүр бойынша орталық күмбездік кеңістікте өткізілетін әр түрлі ойын-сауық бағдарламасы мен қызықты іс-шараларын ұсынды. Үлкендер жергілікті "Әнші Думан" би ұжымының қатысуымен қойылған концерттік бағдарламаны тамашалап, онда орындалған әр халықтың ұлттық билері мен әншілердің туған жерге арнап шырқаған әндерінен рахатқа бөленді. Аспапта ойнағандар өздерінің керемет өнерлерімен әркімнің жан-дүниесін ақтарып салғандай болды. Ал "Барлығы да Қазақстан жайлы" атты танымдық викторинада интеллектуалдар өз білімдерін паш ете білді.
Кішкентай балалар да шетте қалған жоқ. Олар үшін "Көңілді старттар" спорттық-ойын-сауық бағдарламасы және клоундардың қатысуымен "Аузыңды ашпай, бізбен бірге үлгер!" атты ойын-сауық бағдарламасы дайындалды. Ол жерде біздің кішкентай ғана қонақтарымыз өздерінің спорттық мүмкіндіктерін көрсетіп, ептілікке, шеберлікке және шапшаңдыққа жарысты.Әрине, конкурс жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды. Ең кішкене бөбектеріміз қуыршақ театры қойған ертегілер әлемінің қызықтарына батты.
"Думан" Ойын-Сауық Орталығының бірегей Мұхитаралы астаналықтармен қатар астана қонақтары үшін де көз тартатын әрі өзіне арбап алатын орындардың бірі болып табылады. Әдеттегідей 25, 26 қазан мереке күндері келушілерге Мұхитаралға кіру билетіне жеңілдіктер ұсынылды.
2-3.10.2007
Қартаң адамдар Күні!
"Думан" Ойын-Сауық Орталығы қартаң адамдарды құрметтейді әрі қадірлейді. Орталық өзінің тіршілік ете бастаған алғашқы күндерінен бастап-ақ аға ұрпақ өкілдерін әртүрлі қызықты іс-шараларға шақырып, оларды құшақ жая қарсы алады.
Жыл сайын Халықаралық Қартаң адамдар Күні "Думан" Ойын-Сауық Орталығы аға ұрпақ өкілдерінің көңілдерін көтеріп, бұл күнді мерекелі етіп өткізулеріне ат салысады.
Бұл жылы да думандықтар қартаң адамдарды мерекеге шақырып, олардың көңілін көтеріп қана қоймай, достары және серіктестерімен кездестіріп, уақыттарын қызықты етіп өткізулеріне тырысып бақты.
2-3 қазан күні дәстүр бойынша зейнеткерлер мен олардың жанына еріп келген туыстары Орталыққа тегін кірсе, ал Мұхитаралға кіру билеті- бар болғаны 100 теңге болды. Мұхитаралға кірген зейнеткерлер өздерінің керемет уақыт өткізулерін жалғастыру үшін "Торнада" дәмханасына шайға шақырылды.
2 қазан күні сағат 12.30-да келушілер үшін сүйікті әндер мен билердің, акробаттық нөмірлердің және аспаптық композициялардың орындалуында "Жылдарым менің-байлығым" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
11.09.2007
"Астана- 2007"
"Думан" Ойын-Сауық Орталығы Астана қаласында өткізілген жас орындаушылардың "Жас қанат" республикалық конкурсы, "Дельфилық ойындар", "Балауса" атты сұлулық пен дарындардың астаналық Ашық конкурсы, сонымен қатар қазақ әндерінің жыл сайынғы "Астана" атты Халықаралық конкурсы секілді әртүрлі жарыстар мен фестивальдерге демеуші болып келеді.
Қыркүйек айында "Астана-2007" атты Бесінші Халықаралық конкурсы өтті.Конкурсқа қатысушыларға, әр елден келген өкілдеріне, астанамен және оның көрікті жерлерімен танысу ұсынылды. Осы конкурстың ұйымдастырушысы Мұрат Ерғалиевтің айтуынша, қатысушылардың астанамен танысуы Қазақстан Республикасының керемет бір объектісі "Думан" Ойын-Сауық Орталығымен дәстүрлі аяқталады. Бұл орталыққа келу қатысушыларды ерекше бір сезімге бөлеп, шабыттандыра түседі. "Думан"Ойын-Сауық Орталығы мен "Астана" конкурсы арасында жылы өзара қарым-қатынастар бар, думандықтар бұл халықаралық конкурсқа жыл сайын демеушілік көрсетіп келеді, бірнеше рет орталықта ерекше түрде жеребе тастаулар өткізілді.
Бұл жылы да "Думан" өзінің есігін бесінші халықаралық конкурстың қатысушыларына айқара ашып, оларды қуанышпен қарсы алды. Ол күні қатысушылардың "Думан"Ойын-Сауық Орталығына ақысыз кіру, жетістіктерін көру, оның ішінде Мұхитарал да бар, сонымен қатар сол күні ерекше дәмді түскі тамақ дайындаған "Думан" аспаздарының аспазшылық шеберліктерін лайықты бағалау мүмкіндіктері болды.
Жыл сайын "Думан"Ойын-Сауық Орталығы қатысушыларға арнап өзінің арнайы сыйлығын ұйымдастырады. Бұл жылғы арнайы сыйлық- 1000 (мың) доллар көлеміндегі ақшалай сыйлықты Шри-Ланкадан келген Наташа деген қатысушы қызға Бас директор Мәтжанова Патима Тұралықызы өз қолымен тапсырды.
06.09.2007
Теңіз тасбақалары!
Тасбақалар ежелден-ақ теңіз бен мұхиттарға үйренген. Олар 200 млн жыл бұрын пайда болған, ал суда кейінірек пайда болды.
. Бүгінде бұл бауырымен жорғалаушылар Қазақстанға да келіп жетті. 2007 жылдың маусым айында "Думан" Ойын-Сауық Орталығындағы Мұхитарал Қызыл Кітапқа енген кішкентай жасыл теңіз немесе екінші аты сорпалық тасбақаларды сатып алды.
Жасыл теңіз тасбақасы - теңіз тасбақаларының ішіндегі ең ірісі. Оның баданасының ұзындығы 70 см-ден 150 см-ге дейін, ал дене салмағы - 200 килограммдай. Бірақ кейде салмағы 450 кг-ға жететін алыптар да кездеседі.
Бұл тасбақалардың өмірі таңғажайып. Өздері дүниеге келген мекен-жайға мұхиттар арқылы мыңдаған шақырымдарды артқа қалдырып, ұзақ жөңкіліп жетеді. Осы сапарды жүзеге асыра отырып, олар тұқым жалғастыру игі мақсатын да басшылыққа алады. Жүзу соңында жасыл тасбақа құрлықта 200-ге дейін жұмыртқасын қалдырады.
Өзінің екінші "сорпалық" деген атауына олар өздерінің керемет дәмді сапасымен ие болды.Тасбақаларды тамаққа пайдалану үшін браконьерлер оларды жүздеп қырып-жояды.
Күнәсіз жануарларға мұндай қарым-қатынастың өте қатал екені және бұл түріне үлкен залалын тигізері сөзсіз, сондықтан көптеген елдерде тасбақаның осы түрін қорғайтын заңдар қабылданған.

30.08.2007
Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні!
"Думан" Ойын-Сауық Орталығының ұжымы Қазақстан азаматтарын Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнімен құттықтады! Мемлекет және Қазақстан азаматтары үшін бұл айтулы күнді думандықтар осы орталыққа келген өзінің қонақтарымен бірге тойлады.
"Думан" өзінің қонақтарына қуанышты тосын сыйлықтар дайындады. Ол концерттік ойын-сауық бағдарламалары және Мұхитарал мен 3Д-Кинотеатрына кіру үшін 50%-дық жеңілдіктер, сонымен қатар сыйлықтар.
Концерттік ойын-сауық бағдарламасы "Думан" Ойын-Сауық Орталығындағы күмбез астында үш күн бойы өткізілді.Олар "Көңілді старттар" ойын-сауық бағдарламасы (қазақ және орыс тілдерінде), "Менің Қазақстаным" атты концерттік бағдарлама, қуыршақты театрдың көрсетілімдері (қазақ және орыс тілдерінде), конкурстар, қылжақбастықтар және фокустар болды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні құрметіне "Думан" Ойын-Сауық Орталығы "СЫЙЛЫҒЫҢДЫ сатып ал!" атты акция өткізді. Акция шарттары: Мұхитаралға, 3Д-Кинотеатрына, "Бөбекжай" ойын алаңшасына, "Думан" ОСО-ғы кафелер мен дүкендеріне кірген келушілер міндетті түрде сатып алғандығын растайтын кассалық чек алулары керек болды.Кейін бұл кассалық чектерді "Небесная пагода" кафесі бар ауданда орналасқан сыйлық беру нүктесінде СЫЙЛЫҚҚА ауыстырып немесе кассалық чектердің бар сомасын жинап, ҚҰНДЫРАҚ СЫЙЛЫҚ алуларына мүмкіндіктері болды.
*Акцияға "Думан" Ойын-Сауық Орталығына жататын барлық обьектілер (арендаға берушілерден басқа) қатысты.
"Думан" үшін ең жоғарғы сыйлық болғаны- бұл күн келушілерге керемет әсер қалдырып, жүздерінде қуаныш сезімі байқалды.
29.07.2007
Қазақстан Республикасы Президентінің сапары
2007 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Түркменстан Президенті Бердімұхаммедов Гурбанғұлымен бірге "Думан" Ойын-Сауық Орталығына келді. Сапар барысында Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы "Думан" ұжымының қызметіне жоғары баға берді және кешеннің одан әрі дамуына ой тастады. Ал Бердімұхаммедов Гурбанғұлы өзінде осындай Мұхитарал сияқты құрылыс соғу ойымен жанып кетті.
26.07.2007
Журналистика Күні!
Бүгінгі күні журналистердің еңбегі мен олардың қоғам өміріне салымын асыра бағалау қиын. Бүкіл ақпарат құралдары әркімнің өмірінде маңызды қызмет атқарады.Журналист мамандығы ең тынымсыз, бірақ ең керек мамандық. Бұл мамандық иелері- өзгелерге көмек беруге ұмтылатын, болып жатқан жағдайларды обьективті түрде айтып, хабарлап отыратын, өз ісіне берілген тұлғалар.
"Думан" Ойын-Сауық Орталығының ұжымы бүкіл ақпарат құралдарының өкілдеріне сыйластықпен қарайды, сондықтан осы кәсіптік мерекеде думандықтар журналистерді жеке құттықтап және ынтымақтастық үшін өздерінің адал алғыстарын білдіргісі келді.
Осы күні "Думан"Ойын-Сауық Орталығының Күмбездер Кеңістігінің сахнасында келесі журналистерге мадақтау сыйлықтарын тапсыру рәсімі болып өтті:
- республикалық "Казахстанская правда" газетінің журналисі С.Нестеренко, теңіз аквариумистика тақырыбын ашуда үлкен еңбегі үшін;
- "Вечерняя Астана" газетінің журналисі И.Рафкат, "Думан" Ойын-Сауық Орталығындағы оқиғаларды айқындаудағы патриоттығы үшін;
- "Астана хабары" газетінің журналисі Әбуасқар Мекешұлы, "Думан" Ойын-Сауық Орталығының қызметін айқындауда жан-жақтылығы мен терең ойлылығы үшін;
- газет фотографы В.Крась, "Думан"Ойын-Сауық Орталығы әлеміне біртума фотоназары үшін;
сонымен қатар ескерткіш сыйлықтармен:
- С.Рахымбек, "Думан" Ойын-Сауық Орталығы туралы жариялымда тұрақтылығы мен адалдығы үшін;
- "Астана хабары" газетінің журналисі Ш.Асанқызы, "Думан" Ойын-Сауық орталығы туралы материалдарының шапшаңдығы мен өзектігі үшін;
- ЖШС "M-studio" монтажының режиссері А.Қадырова, "Думан" Ойын-Сауық Орталығының жарнамалық видеороликтерін шығаруда кәсіптік және креативтік шығармашылық еңбегі үшін;
Мереке жалғасында БАҚ өкілдері үшін Күмбезді Кеңістігінде фуршет және жергілікті би-вокалды ұжымының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

22.07.2007
Аға Ұрпақ Күні!
Қиын соғыс жылдарын жадымызда ұстау үшін, сонымен қатар балалық шағы мен жастық шағы сол сұрапыл жылдарға тура келгендерге құрмет көрсету белгісі ретінде жыл сайын 22 маусымда кешенде "Думан" Ойын-Сауық Орталығының басшылығының бастамасымен Аға Ұрпақ Күні атап өтіледі. Бұл күні "Думан" ұжымы жер бетіндегі бүгінгі Бейбітшілік өмір үшін бар күштерін салған адамдарға иіліп бас иіп, өздерінің алғыстарын білдіреді.
Бұл ерекше күннің мерекелік ахуалын қатысып отырғандардың көңілді күйлері ғана емес, сонымен қатар соғыс ардагерлерінің және жергілікті музыкалық ұжымның хоры қатысқан концерттік бағдарлама, қатысушыларға жүлделер тапсырылған "өткен және соғыс жылдарының әуенін тап" жарысы, әрі "Думан" Ойын-Сауық Орталығына келген Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен соғысқа қатысқандарға және зейнеткерлерге арналып дастархан жайылғаны арттыра түсті. Одан бөлек, барлық келушілерге сыйлықтар тапсырылып, ал зейнеткерлерге Мұхитаралға символдық бағамен кіру мүмкіндігі берілді.

15.07.2007
Р"Думан" Ойын-Сауық Орталығының дамуы
"Болашақ бүгін қалануы керек"
Г. Лихтенберг
"Думан" Ойын-Сауық Орталығының астана тұрғындары, сонымен қатар қонақтар үшін бірегей ойын-сауық кешені екені барлығымызға белгілі. "Думан" Ойын-Сауық Орталығы өзінің ең алғаш ашылған күнінен бастап, кешенді дем алатын және бос уақытын өткізетін орталыққа айналдыру ұстанымын дамытуда.
Жыл сайын "Думанда" қосымша ойын-сауықтар ұйымдастырылуда. Бұл жыл ерекше болып есептелінбейді. Осы жылдың соңына дейін астанамыздың тағы бір белгі обьектісі ретінде "Джунгли" аттракционын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл аттракционның ерекшелігі "аниматроникстердің" келушілермен өзара әрекетесуі болады. Ал сахналық суреттер мен дыбыстық әсерлер шынайы оқиғалардың анық сезімдік суретін бейнелейді.
09.07.2007
"Думан" Ойын-Сауық Орталығына 4 жыл!
9 маусым, сенбі күні "Думан" Ойын-Сауық Орталығы өзінің туған күнін тойлап өтті. Онда неше түрлі әзілдер, сыйлықтар, құттықтаулар, қазақстандық "Перцы" және "Сhina Town" эстрада жұлдыздарының қатысуымен шоу-бағдарлама және тамаша салют болды. Мереке өте керемет өтті!
Өткен жылы "Думан" Ойын-Сауық Орталығының үшжылдық мерейтой мерекесі құрметіне ойын автоматтары, аниматроникстер- шыңғырғыш піл және жылан, фонтаны бар ағып тұратын жасанды жылға орнатылған балалардың "Бөбекжай" ойын алаңшасы ашылған. Cол жылы Республика күні қарсаңында қазақстандық балықтар дүниесінің көптеген түрлері мекендейтін "Қазақстан балықтары" атты жаңа көрме аймағы ашылды.Көрме аймағы сиымдылығы 12 тонна құрайтын төрт жабық аквариумнан тұрады.
Ағымдағы жылы "Думан" бұрыннан бар келесі обьектілерге жаңарту жұмыстарын жүргізді: "Лагуна" сусынхана клубы, "Торнадо" кафесі, "Олимпик" тавернасы. Осы жылдың соңына дейін "Джунгли" аттракционын-бұл тағы бір бірегей ойын-сауық, ашу жоспарланып отыр.
Қазіргі кезде Мұхитаралды кеңейту және халықаралық деңгейде жаңа аттракцион құрылыстарын салуды көздейтін "Думан" Ойын-Сауық Орталығын ауқымды жаңалаудың жобасы дайындалуда.
Бұл күні "Думан" тек сыйлықтар алып және оны қонақтарға сыйлап қана қоймай, сонымен қатар өз қызметкерлерін келесі номинациялар бойынша мадақтады: компанияға адалдығы үшін, өз жұмысында жаңашылдығы үшін, жұмыс бойынша сұрақтарды шешуде креативті қатынасы үшін, ең қонақжайлы, ең нәтижелі, ең болашақты, ең еңбексүйгіш, ең реактивті.
Сонымен қатар, мерекелік торт пісіруде "Думанның" жыл сайынғы өздік рекордын атап айтқымыз келеді.Торт тек өлшемімен қана емес, оның диаметрі 140 см және салмағы 120 кг, әрі дәмдік сапасымен де қызықтырды.
  
01.06.2007
День защиты детей
  
23-25.03.2007
"ДУМАНДАҒЫ " АФРИКАНДЫҚ МАСКАЛАР
Бұл күндері "Думан" ойын-сауық Орталығында керемет сурет сабағы өткізілді.
Мүмкіндіктері шектеулі және психологиялық қолдауды талап ететін балалар сурет салуды американдық суретші-педагог Ричард Амостан үйренді. Ол теңіздің ар жағынан арнайы осындай сабақтарды Астанада өткізу үшін келген-ді.
Шебер балаларға оңтүстік-африкалық мәдениет туралы әңгімелеп, оларды қоршаған ортаны психологиялық тұрғыда қабылдауды рең гаммасы арқылы жібере білуге, сондай-ақ бейнелеудегі сурет салудың жаңа техникасын үйретті.
Балалар бояуы қанық реңдегі акрил бояуы мен мата қиқымдарының көмегімен африкандық маскалардың жүздерін жасады. Тақырыптың кереметтілігі мен ойдың жарқындығы балаларды қызықтырғаны соншама, тіпті, әрқайсысының жасаған өз бейнелері пайда болды: мейірімді бетперде - күн, жауынгершіл жүзді, ойлы, қу, көңілді, қасында - көңілсіз реңдегі бетперделер - барлығында балалардың эмоциясы бейнеленген.
Балалардың бояу реңі мен тұрпаты, жарығы мен көлеңкесі,сондай-ақ сурет салуда авангардты техниканың орындалуы - олар үшін орасан зор психотерапиялық пайда екені даусыз. Сурет сала білу, қағазға өз сезімдері мен күйзелістерін толықтай көрсете білу балалар үшін,оның ішінде, әсіресе, мүмкіндіктері шектеулі және өмірден қасірет көргендерге мұндай шара аса қажетті және таптырмайтын шара.
"Арт-класс мүмкіндіктері шектеулі және жетім балалар үшін" атты осы қайырымдылық бағдарламасын "Думан" ОСО-да еңбек ететін "Әлеуметтік адаптация орталығы" Америка Құрама Штаты елшілігінің мәдениет бөлімімен бірлесе отырып ұйымдастырды.
  
20.03.2007
ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ... КЕСТЕ БОЙЫНША!
Демалыс күндері! Мектеп оқушыларының асыға күткен кезі. Бақылау мен жат жазулардан он екі күн бойы демалу. Ұлдар мен қыздар алдағы күндерге байланысты жоспар "құрып" әлек: бірі қала сыртына табиғатқа жақын болғысы келсе, екіншісі бұл алтын уақытты қызық та пайдалы өткізуді жоспарлап та қойды.
Астаналық балалардың ойын-сауықтың қай түрін қаласада еркі, өйткені
қызық көп. Далада футбол ойнап, достарымен киноға, бүкіл сыныбымен бассейнге баруларына болады. Бәрі жақсы-ау, бірақ мұндай қызық тез бітіп қалатыны да бар - даладан үйге қарай кейде жаңбыр мен батпақ қуса, бассейннен - суда жүзуді үйрететін жаттықтырушы...
Солай дегенмен, "Думан" ойын-сауық орталығында ешқандай шек қоюлар жоқ: қанша қажет, сонша қыдыр! Аттракциондар, жаңа Фаст-фуд "Торнадо" дәмханасы, үш өлшемді кинотеатр, Мұхитарал... Осының барлығы жақсылап дем алу үшін қарастырылған және әсіресе, Сізде ДЕМАЛЫС - КАНИКУЛ болса!
КӨКТЕМГІ ОҚУШЫЛАР ДЕМАЛЫСЫ КЕЗІНДЕГІ ОЙЫН-САУЫҚ
БАҒДАРЛАМАСЫ (2007 жылдың 21 наурызынан - 1 сәуіріне дейін)
21 наурыз
16.00 - Оқушылар үшін "Ура, демалыс!" атты ойын-сауық бағдарламасы.
22 наурыз
12.00 - "Балалар еліне саяхат" ойын-сауық бағдарламасы.
14.00 - "Наурыз мерекесі құтты болсын!". Мерекелік концерт.
16.00 - "Адамдар мен куклалар" театрының (Астана қаласы) көрсетілімі. Сүйікті ертегілер, ойындар мен конкурстар.
23 наурыз
14.00 - Павлодардың "Ала қазан" атты кукла театрының көрсетілімі. "Ең кішкентай жын" ертегісінің қойылымы болып, ойындар мен конкурстар ұйымдастырылады.
24 наурыз
15.00 - "Бізбен бірге жаса, біз сияқты, бізден де жақсы жаса!" атты спорттық ойын-сауық бағдарламасы.
25 наурыз
15.00 - "Адамдар мен куклалар" театрының (Астана қаласы) көрсетілімі. Сүйікті ертегілер, ойындар мен конкурстар.
26 наурыз
15.00 - "Полиглот" интеллектуалды бағдарламасы.
27 наурыз
14.00 - "Ала қазан" кукла театрының көрсетілімі (Павлодар). "Ең кішкентай жын" ертегісі, ойындар мен конкурстар.
28 наурыз
15.00 - спорттық бағдарлама "Мен - чемпионмын".
29 наурыз
15.00 - "Адамдар мен куклалар" (Астана) көрсетілімі. Сүйікті ертегілер, ойындар мен конкурстар.
30 наурыз
15.00 - "Не? Кайда? Кашан?"
31 наурыз
14.00 - "Ала қазан" кукла театрының көрсетілімі (Павлодар). Ең кішкентай тай жын" ертегісі, ойындар мен конкурстар.
1 сәуір
15.00 - "Гладиаторлар сайысы" ойын-сауық бағдарламасы.
16.03.2007
САУДА КҮНІ
Кәсіби мерекелер кейбір кәсіп иелерінің ғана естен кетпес бір күндік мерекесі ретінде саналатын-ды.Сондай мерекелердің бірі мысалы, Сауда Күні: оның өзінде де, мереке білінбестен өтеді, өйткені,сауда жасаушы әрбір адам, қызметіне қарамастан, сатып алушылар болып қала береді.
"Думан" ойын-сауық Орталығының ұжымы өзінің үйреншікті дағдысынан ауытқып, осынау кәсіби мерекені "бәріне ортақ" деңгейде атап өтуді шешіп, сатып алушылар арасында акция жүргізді: дәмхана мен бутиктерде сауда жасаған әрбір адамға міндетті түрде сыйлықтар табыс етілді. Сыйлықтар ішінде балалар кітаптары,қолшатырлар, жейдешелер, сөмкелер, "Думан" ОСО -ның логотиптері бар күнтізбелер бар.
"Аяқ астынан, әрі жағымды екен мұндай акция ұйымдастырғандары " деп тарасты "Думанға" келіп, сауда жасағандар.
16.03.2007
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ!
Наурыз айы - ерекше бір таңғажайып ай. Осы айдағы көптеген мерекелер, аязға да қарамастан барлығымызды ерекше қуантты: Халықаралық әйелдер күнінен кейін жақсы демалып, қайтадан жұмыс ырғағына ілесіп жатқанда тағы да бір үлкен мереке есік қағып келіп қалды. Ол - НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ!
Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз - жаңа жылдың жаңа күні, көктемнің келген шағы. Наурызда күн мен түн теңеліп, айнала ерекше бір сипатқа енеді. Қазақстандықтар үшін бұл мереке ЖАҢАРУДЫҢ,ҮМІТ ПЕН ҚУАНЫШТЫҢ символы іспеттес.
Ертеде Наурыз келгенше адамдар үйі мен қора-қопсысын тазалап, тәртіпке келтірген екен, мереке күндері тоғай егіп, арықтарды тазалап, су көздерін ашқан. Наурыз таза үйге, ниеті жақсы адамның үйіне кірсе, ауыру-сырқаудан аман болып, бақытқа кенеледі. Ал тамақ толы дастархан жыл бойы береке-бірлік, байлық әкеледі деп ырымдалған.
"ДУМАН" ойын-сауық Орталығының ұжымы да осындай жақсы ниетпен барша қазақстандықтармен бірге биылғы НАУРЫЗДЫ да аса бір ерекшелікпен қарсы алмақ. Мереке күндері мұнда тағы да әезді әуен мен сыңғырлаған күлкі естіліп, әр-түрлі тамаққа толы дастархандар жайылмақ. Орталыққа келем деушілерге барлық жағдай жасалмақ. Мұхитаралды көргісі келгендерге өте тамаша сыйлық - 50 пайыздық жеңілдіктер беріледі.
КЕЛІҢІЗДЕР, КӨРІҢІЗДЕР! "ДУМАН" СІЗДЕРДІ КҮТЕДІ!
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ КҮНДЕРІ БОЛАТЫН ОЙЫН-САУЫҚ ШАРАЛАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
22 наурыз
12.00 - Балалар қалашығында клоундардың қатысуымен "Балалық еліне саяхат" атты ойын-сауық бағдарламасы болады.
14.00 - Орталық дәліздегі күмбез астында "Наурыз мерекесі құтты болсын!" атты мерекелік концерт болады.
16.00 - Орталық дәліздегі күмбез астында ойыны мен конкурстары бар ойын-сауық бағдарламасы жалғасады.Соңынан қуыршақ театрының әртістері балаларға жақсы көретін ертегілерінің бірнеше көрсетілімдерін қояды.
22-24th of March
15.03.2007
СУ АСТЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ОҚУШЫЛАР ЖАНАРЫМЕН
"Думан" ОСО-ғы жаңа қызметін - оқытуды бастайды
Осы айдан бастап барлық жастағы мектеп оқушылары "Думан" ОСО-ғы арнайы факультативтік сабақтарға қатыса алады. Онда олар су астындағы барлық мекендеушілерді жете көріп қана қоймай, "алдыңғы қолдардан" құнды ақпарат ала алады.
Үлкендердің де, балалардың да Мұхитаралға келгенде жиі-жиі сұрайтын көп сұрақтарының бірі - осынау таңғажайып жаратылыстар - балықтар қалайша өмір сүреді, бағылып-қағылады. Оларды немен тамақтандырады? Қашан олар үйықтайды? Ауыра ма, оларды қалай емдеуге болады? Барлық сұрақтарға экскурсоводтардың толық жауап тауып беруге шамалары жоқ. Енді міне, факультативтік сабақтарға қатысатын оқушыларға теңіз "тұрғындарының" өмірі түсінікті болатын болды.
"Думанның" специалисттері барлық жастағы балаларға арнап арнайы бағдарлама жасады. Балалар өздерінің балықтар жайындағы теориялық білімдерін тәжірибелік сабақтармен жете толықтырып отырады - ол үшін Мұхитаралда мүмкіндіктер мол! Специалисттер тек қана ғылыми - тәжірибелік көріністерге көңіл бөліп қоймай, мектеп оқушыларының эстетикалық тәрбиесіне де басты назарларын аударып отыр. Мысалы, кіші буындағы оқушылар (1- ден 4 сыныпқа дейін) үшін дайындалған бағдарлама олардың назарын су астындағы әлемнің экожүйесінің нәзіктігіне аударып, балалардың оған қамқорлықпен қарауларына жетелейді. Балалар қоршаған ортаға деген эмоционалды қабылдаулары арқылы "өздерінің кішкентай бауырларын" аяныштылықпен қорғайтын болады. Оқушыларға "Думанға" келушілердің көзіне түсе бермейтін көптеген нәрселерді көрсететін болады. Балықтардың тамақтануын көру, олардың қалайша өмір сүретінін білу, соңынан оларды суретке салу дегеніңіз - балалардың көңіліне еш шүбәсіз қонатын сабақтар.
Жоғары сынып оқушылары үшін бағдарламада Мұхитаралдағы жұмыстары негізінде
теория мен тәжірибені біріктіре отырып, мектеп материалдарын қайталау мен бекіту қарастырылған. Жоғары класс оқушыларымен өткізілетін сабақтарда "Думан" өзінің болашақтағы кәсіби кадрларын дайындау мақсатында аса бір екпінді тудыра отырып, олардың тірі табиғатқа деген қызығушылығын арттыруды көздеуде. Осындай сабақтардың арқасында кім біледі, мүмкін, қазіргі оқушылардың осы іске деген терең қызығушылығы оянып, кейін жоғарғы оқу орнына түсуге барғанда ихтиолог болам дер.
бүге-шіге...
8 - 10 наурыз
8 - Наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге арналған шаралар "Думан" ойын-сауық Орталығында да ерекше қызықты өтті.
Келуші әйел-аналарға,қыз-келіншектерге арналып Астана қаласы көркемөнерпаздар ұйымдарының қатысуымен өткізілген ойын-сауық бағдарламасы керемет сыйлық ретінде ұсынылды. Тірі дауыспен айтылған әндер, жалынды билер, әдемі күлкілер мен жалпы сауық - сайран Орталық ішіне көктемнің ерекше бір лебін әкелгендей болды. Бұл шарадан балалар да қалысқан жоқ.Оларға Астананың "Адамдар мен куклалар", "Незнайка балалар қалашығында", клоундармен бірге "Көңілді старттар" ойын-сауық бағдарламалары, "Алдар Көсе достарына көмектеседі", " Колобок" спектакльдері ұс ынылды.
Бұл күнгі тағы бір ерекшелік, ол "Думанда" өткізілген "GANDY GIRL Астана-2007" конкурсының финалы еді. Оған қала мен облыстың мектеп, гимназия, лицей, интернаттар мен балалар үйлерінің жоғарғы сынып оқушылары қатысқан болатын. Орталық дәліздегі күмбездің астында музыка ойнап, әдемілік пен жастықтың шоуы өткізілді. Қыздар, кәдімгі бір көктемнің бәйшешектеріндей көрермендерді бақытты келбеттерімен қуантты. Дәліздің интерьері мен аурасы түрлі-түсті от бояуларына малынып, әдемілік пен таланттың конкурсына ерекше бір сипат беріп тұрды.
"GANDY GIRL Астана-2007" конкурсының жеңімпазы болып егіз қыздар Астана қаласындағы №32-ші орта мектептің оқушылары Қымбат пен Сымбат Исаевалар танылды. Оларға Елорданың жоғарғы оқу орындарының бірінде білім алуларына болатын грант табыс етілді.
Сонымен, "Думан" ойын-сауық Орталығында өткен уақыт көрермендердің де, шоу-конкурсқа қатысқан жас арулардың да есінде көпке дейін жүретініне сенім мол.
16.02.2007Мұхит тұңғиығындағы "Арт-терапия".
Үш жылдан бері "Думан" -Ойык-Сауық Орталығының басқаруымен жумыс шстеп жатқан "Мұхит- Арт" шығармашылық орталығының мамандарының қарауына жаңадан тәрбиеленушілер қосылды, атап айтсақ, олар "SOS Kinderdorf-Astana" Балалар Қалашығының бүлдіршіндерін қамқорлыққа алды.
"Думан" -Ойык-Сауық Орталығының Мұхитаралында жақсы дәстур қалыптасқан: әр апта сайын, сәрсенбі мен жұмаларда мұнда мүмкіндіктері шектеулі бүлдіршіндермен, сондай- ак балалар үйлері мен панаханаларының көніл- күй сергектігіне ерекше мұқтаж жасөспірімдеріне арналған шығармашылық сабақтар өткізіледі. Балаларға аквариумдерді еске салатын арнайы мольберттерге сурет салу арқылы өз қөңіл- күйлерін білдіруге және Мұхитаралдан байқағандарынан туған әсерлерін бейнелеуге мүмкіндіктер туғызылады. Мега-аквариумдердегі ғажайыптар, бейтаныс мұхит тұңғиыктары әлемі балаларға денсаулықтарындағы кінәрәттарына, қамкөңілдеріне қарамастан, бір сәттерге еркіндікті сезініп, жан жайдарлылығын оралтуға көмектеседі. Балалардың сұлулық пен үнестік үйлесімдігіне талпыныстары олардың жандарына дәру себеді.
Бұндай игі шара суретші- психолог Гулмира Тәтенованың пайымдауынша, достастық елдері арасында ерекше тәсіл саналады. Балалардың көніл- күйлерін орнықтыруға арналған бұл бейнелеу- терапиясының негізгі идеясын ол өзі он жылға жуык маман ретінде еңбек еткен балалар шығармашылығының Халыкаралық орталығында Мәскеу зоопаркінің тәжірибесінен алған болатын. Маманға осы айырықша бағытта жұмыс істеу үшін арнайы Оралдан келген суретші -терапевт Татьяна Жаньярова көмектесуде.
Бір көңіл аударарлығы, "Думан" -Ойык-Сауық Орталығындағы арт- сабақтар қайырымдылық бастаулары негізінде жүзеге асуда. Суретшілер Қазақстан үшін жаңаосы істің табыстарын алдымен "Думан" -Ойык-Сауық Орталығының Бас директоры Патима Төреәліқызы Мәтжанованың еңбегімен және бұлардың жарқын бастамаларын қолдап отырған "Қамқор" демеушілер қорының қадамдарымен байланыстырады.
Осы күндері "Мүхит-арт" шығармашылық орталығында жас шамалары 5 және 17 мөлшерлеріндегі мүмкіндіктері шектеулі қырыққа жуық балалар шығармашылықпен айналысуда.
|