|
2011 жылдың мұрағаты | 2010 жылдың мұрағаты | 2009 жылдың мұрағаты
2008 жылдың мұрағаты | 2007 жылдың мұрағаты | 2006 жылдың мұрағаты 2005 жылдың мұрағаты | 2004 жылдың мұрағаты | 2003 жылдың мұрағаты
2009 жылдың мұрағаты
30.08.09Қазақстан Республикасының Конституциясы күні!
30 тамыз күні көпұлтты Қазақстанның тұрғындары Ата Заңымыз - Конституция күнін мерекелеп өтті. Республикамыздың барлық қалаларында көлемді түрде ән мен би кештері және жәрмеңкелер ұйымдастырылып, халықтың көңілі бір көтеріліп қалды.
Мереке күнгі астанадағы ең елеулі оқиға, әрине, түрлі әскери жасақтардың қатысуымен өткен тамаша мерекелік шеру болды. Онда 120-дан астам қарулы күштер мен әскери техника, оның ішінде әскери тікұшақтар қатысты. Бұл керемет көріністі іс-шара еліміздің айбындылығына көзімізді жеткізіп, мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөледі.
Бұл ерекше маңызды күні қаламыз бен еліміздің мерекелік шараларына дәстүр бойынша белсенді түрде қатысып отыратын "Думан" Ойын-Сауық Орталығына келушілер де үлкен қуанышқа бөленді. Кешенге келушілерге жергілікті аспапшылардың орындауындағы ең үздік ұлттық музыкалық өнерлерді тамашалау мүмкіндігі берілді. Ондағы әуендер біздің ата-бабаларымыздың өздері өмір сүріп, еңбек еткен және армандарға беріліп, қазіргі ұрпақтың, яғни, біздің Қазақстанның тәуелсіз және өсіп-өркендеген кезеңінде өмір сүруіміз үшін бар күш-жігерлерін салған кездерін естеріне түсіріп, көз алдыларынан өткізді. Ал астаналық вокалдық мектеп "Думан" қонақтарына арнап өзінің репертуарындағы әлем бейбітшілігі және республикамыздың өсіп-өркендеп, Астана қаласының гүлденіп келе жатқаны туралы әндерді нақышына келтіре орындады. Өздерінің өнерлерін би ұжымдары да ортаға салып, көптің көңілінен шықты. Әлем халықтарының билері еліміздің көпұлттылығын және осында тұратын елдердің көршілестік тату-тәттілігін, бір-бірінің мәдениетіне деген сыйластықты айғақтай түсті. Кешеннің орталық алаңында ұйымдастырушылармен өткізілген түрлі ойындар мен конкурстарды да айта кету қажет, ол қатысушылардың құмарын арттырып, олардың арасынан ойсанасы терең, тапқырлар мен ептілерді анықтады. Жарыстарға қатысушылардың барлығына Ойын-Сауық Орталығы атынан естелік сыйлықтар тапсырылды.
"Думанға" келіп, қызыққа батқан ел мерекелік концертке әбден разы болды, оның дәлелі - ду қол шапалақтар мен жүздеріндегі күлкі еді. Бұл мереке күні кешенге 4730 адам келді.
10.07.09Журналистика күні!
Болып жатқан оқиғалардың дәл ортасында жүру, өзекті мәселелерді қозғап, нақты ақпараттар ұсыну, халыққа қуаныш сыйлау және еліміздің жетістігін мақтан тұта білуге тәрбиелеу — міне, осы аз ғана дүние Журналист деген маңызы зор мамандықты алып жүрген тұлғалардың күнделікті тіршілігі.
"Думан" Ойын-Сауық Орталығы өзінің жұмыс істеп бастаған уақытынан бері адал достарына айналған қазақстандық журналистерді жыл сайын төл мерекелерімен құттықтайды. Бұл күні "Думан" бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне олардың күрделі де қиындығы мол жұмыстары үшін және халыққа кешеннің тіршілігі, оның менеджменті мен жаңашылдығы туралы ақпаратты объективті түрде жеткізе білгені үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Мереке орталықтың Күмбезді Кеңістігінде басталды. Онда дәстүр бойынша "Думан" Ойын-Сауық Орталығы атынан "Думан" Ойын-Сауық Орталығы" АҚ-ның қызметіне ақпараттық қолдау көрсетіп, оны объективті жариялағаны үшін сыйлықақы тапсыру салтанаты өткізілді:
100000 теңге мөлшеріндегі (салық төлемдерін ескергенде) сыйақы:
- "Астана ақшамы" газетінің бас редакторы Шәріп Амантайға
- "Страна и мир" газетінің меншікті тілшісі Жүсіпбекова Қарлығашқа тағайындалды.
- "Республикалық "Қазақстан" телерадиокорпорациясы" АҚ-ның вице-президенті Таңысбай Ләззатқа
70 000 теңге мөлшеріндегі (салық төлемдерін ескергенде) сыйақы:
- республикалық "Казахстанская правда" газетінің журналисі Қадыров Бектұрға тағайындалды.
50 000 теңге мөлшеріндегі (салық төлемдерін ескергенде) сыйақы:
- "Caspionet" каналының продюсері Үргенішбаев Мақсатқа тағайындалды.
Сондай-ақ естелік сыйлықтар:
бейнеплеер
- "Қазақстан" РТРК журналисі Ағымбетов Батырбекке,
цифрлы фоторамкалар
- журналист Рысмухаммедова Данаға,
- "Қазақстан"РТРК журналисі Қасымов Даниярға,
- "Қазақстан"РТРК журналисі Орал Даниярға тапсырылды.
Сонымен қатар кешеннің қонақтары мен шақырылған журналистер үшін жергілікті би ұжымдары мен жеке ән орындаушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. БАҚ-ның өкілдеріне "Думанның" аспаз шеберлерімен әзірленген тағамдардан дәм тату ұсынылып, кеш жалғасын тауып жатты. Соңынан оларды Мұхитаралға Астананың 11 жылдық туылған күніне сыйлық ретінде ұсынылған "Теңіз түбіндегі би" атты жаңа шоуды тамашалауға, сондай-ақ 5D кинотеатрға кіріп, таңғажайып оқиғалар әлеміне енуге шақырды.
 
06.07.09Астана күні!
Астана - мемлекетіміздің бетке ұстар қаласы. Жыл өткен сайын бұл қала астана тұрғындары мен қонақтарын замануи талаптар мен ұлттық колоритті сақтап келе жатқан өзінің сәулетті архитектурасымен таң қалдыруда. Әлемдік қоғам он бір жыл ішінде өзін мәдени, экономикалық және индустриялық орталық ретінде көрсете білген "дала төсіндегі жаңа қалаға" таң қалуда.
Республикамыздың барлық аймақтарының Астананың Туған күніне қала тұрғындары мен қонақтарына сыйлықтар тарту етуі жақсы бір дәстүрге айналған. Биылғы жылы олардың ерекше бір сыйлықтары - барлық мемлекет бойынша түрлі ірі индустриалды жобалар болды. Ал астананың өзінде бірнеше нысандар пайдалануға берілді.
Президентіміз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының "Думан" Ойын-Сауық Орталығын астанамыз бен республикамыздың тұрғындары үшін, олардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, демалатын әрі бос уақыттарын өткізетін орталыққа айналдыру көрегендігін жүзеге асыра отырып, кешен Астана тұрғындары мен қонақтары үшін мәні бірегей әрі қайталанбас және де қызыққа тоймайтын келушілердің жоғары талаптарына сай келетін жыл сайын сыйлықтар тарту ету ұстанымын құрды.
Ағымдағы жылы астананың он бір жылдығына кешен ұжымы жаңа қызықты қойылым мен таңғажайып трюктер көрсетілетін "Теңіз түбіндегі би" атты су асты шоуын ұсынды. Бұл шоуды кәдімгі Су астындағы театр деуге болады, яғни Қазақстандағы жаңа өнер түрі. Ол қонақтарды орындаушылардың шеберлігімен және бағдарламаның қызықты сюжетімен таң қалдыруда. Компания өзінің келушілеріне қуаныш сыйлап, оларды таң тамашада қалдыру мақсатында отандық ойын-сауық мәдениетіне жаңа жобалар енгізуді жалғастырып келеді.
Мереке күндері кешенде әдеттегідей ашық та жарқын әрі көңілді болды. Көкіректерін қуаныш кернеген адамдар отбасыларымен, жақын туыстарымен және достарымен келіп жатты. Ортаны жайлаған ерекше сезім, сондай-ақ "Думанның" сервис қызметкерлерінің көрсеткен кіршіксіз қызметтері келушілердің өз уақыттарын рахатқа бөленіп өткізуіне ықпалын тигізді. Мереке жергілікті таланттардың өнеріне толы қызықты концерттік бағдарламасымен да есте қалады. Аспаптық композициялар адамның көңіл-күйін тербетіп, ерекше сезімге бөлесе, би ұжымдары ортаны жандандырды, ал акробаттық нөмірлер небір керемет қимылдарымен таң қалдырып, жеке ән орындаушылардың орындаған әндеріне кәрі мен жас биге басты. Кешке қарай елдер қуанышты да бақытты сезіммен кешенді қимай кетіп бара жатты, бұл компанияның еңбегіне берілген жоғары баға еді.
4,5,6 шілде мереке күндері "Думан" Ойын-Сауық Орталығына, жеңілдік берілген келушілерді есептемегенде, 25 602 адам келді.

22.06.09Аға ұрпақ күні!
2003-жылдың 6-мамыры күні Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуымен "Думан" Ойын-Сауық Орталығының ашылу салтанаты болып өтті. Бұл күн жақындап қалған Жеңіс күнімен тұспа-тұс болып қалды. Сол себепті зейнеткерлер мен ҰОС-ның ардагерлеріне "Думанның" қызметкерлері өздерінің ойларындағыдай көңіл бөле алмағандай болды. Әрі, компания ұжымының ойынша, біздің болашығымызға жол салып берген ағаларымыз бен аталарымыз үшін бір ғана мереке аз болып көрінді. Сондықтан "Думан" ОСО" АҚ-ы Президентіміздің кешенді астана мен республика тұрғындары үшін, олардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, демалатын және бос уақыттарын өткізе алатын орталыққа айналдыру көрегендігін жүзеге асыра отырып, әлеуметтік қорғалмаған халық қатары - балалар мен егде адамдарға аса назар аудару позициясын құрды. Ұжымның аға ұрпақ өкілдеріне деген құрмет пен ізет білдіруі Ұлы Отан Соғысының басталған айтулы 22-маусымы күні - "Аға ұрпақ күні" мерекесін құру арқылы жүзеге асырылды. Бұл мерекені компаниямыз өзінің жұмыс істей бастаған жылынан бері атап өтіп келеді. Биыл, мінеки, 7 жыл болды. Мұндай іс-шараны, тәжірибе көрсеткендей, өзге ұйымдар да атап өте бастады. Егде адамдарға көңіл бөлуде өзгелерге үлгі болғанымызға біз, "Думандықтар", өте қуаныштымыз.
22-маусым - замануи тарихта нағыз қанды соғыстың басталған күні. Бұл күнді және Жеңіс күнін ардарлеріміз көздеріне жас ала еске алады. Сондықтан баршамыз үшін қасиетті болып табылатын бұл күні сол адамдарға аз да болса қуаныш сыйлай білу- әрқайсымыздың парызымыз болып табылады. Иә, соғыс ардагарлері, тылда жұмыс істегендер, және де еліміздің қирап қалған шаруашылығын қайта көтеріп, экономикасын қалыпқа келтірген адамдар отанға деген адалдық үлгісі болып қалады, яғни, біз, дәуірлес-замандастар, олардың бастарынан қандай қиыншылықтарды өткере отырып, бізге осы өмірді сыйлағанын жадымызда мәңгілік сақтауымыз қажет.
Аға ұрпақ күні "Думан" әдеттегідей тамаша концерттік бағдарлама дайындады. Жергілікті әртістердің орындауында сүйікті әндер әуендері шарықтады. Онда соғыс алаңында ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен аталарымыз үшін сыздаған жүректер, және де біздің соғыс дегеннің не екенін білмегеніміз үшін білдірілген алғыс, ал бөбектеріміздің ұйқысы тыныш, тәтті түс көретіндері бейнеленді. Би ұжымдары келушілердің көңілінен шығып, өздерінің әдемі билерімен елді рахатқа бөлеу үшін әрбір би қимылына бар жандарын салды. Сондай-ақ, концертте әуеніне егде адамдар, олардың балалары мен немерелері қоса билеп кеткен аспапты композициялар да болды. Салтанат иелері өз дарындарын көрсетуден өздері де кет әрі емес еді. Олар ән айтып, би билеп және аспаптарда ойнап, баршаның көңілін көтеріп, қуанышқа бөледі.
Кейіннен қонақтардың барлығын "Теңіз түбіндегі би" атты су асты шоуы өтетін Мұхитаралға шақырды. Қызықты қойылым мен алуан күрделі трюктер келушілерді таң қалдырып, өнердің мұндай ерекше түрлеріне ешкімді енжар қалдырған жоқ.
Соңынан аға ұрпақ өкілдерін шай ішуге және "Думанның" аспаздарымен, өздерінің ерекше рецептілері бойынша, дайындалған сияпаттарыннан дәм татуға "Торнадо" дәмханасына шақырды.
Кешқұрым 600-дей ардагерлар мен зейнеткерлердің барлығына "Думанның" қызметкерлері естелік сыйлықтар таратты.
Келушілердің көтеріңкі көңіл-күйлері олардың кешен қабырғасында өздерін тамаша сезінгендерінің белгісі еді. Айналаны уақыттарын керемет өткізген аға ұрпақ өкілдері және мереке естерінде қалу үшін бар күш-жігерлерін салған жастар арасындағы үйлесімділік аурасы жайлап тұрды, және де көтеріңкі көңіл-күй мен қуанышты сезім өткен оқиға қайғыларын бір сәт ұмыттырғандай болды.
  
01.06.09Балаларды қорғау күні!
1 маусым күні бекерден балалар күні болмаса керек, себебі бұл құстар сайрап, гүлдердің жайнайтын кезі - жаз мезгілінің ең алғашқы күні емес пе. Сондай-ақ, балалардың демалыстары басталып, ойын-сауыққа ерік берілетін күн. Қызықтар мен сыйлықтарға толы, түрлі іс-шаралар өткізілетін жарқын да ашық бұл мерекені балалар шыдамсыздықпен күтеді, бұл күні олар міндетті түрде ата-аналарымен келеді. Балалардың көптен күткен үміттері бұл күні толығымен ақталады да, себебі үлкендер балаларының тамаша әсерлерге бөленіп, ойын-сауыққа қанулары үшін бар күш-жігерлерін салады.
Адамдарға тек қуаныш қана сыйлайтын "Думан" Ойын-сауық кешені 1 маусым күні балалардың көңілдерінен шығып-ақ жатты. Бұны орталықтың жұмыс істеп келе жатқан барлық кезеңінде халықтың көңілін тауып, бір келген адам екінші рет тағы да қонаққа келгісі келетіндей етуімен түсіндіруге болады. Келушілер "Думанға" келу олардың естерінде мәңгілікке қалатынын жақсы білсе керек.
Шуағын шашқан бұл күні, әдеттегідей, орталық күмбезінің астында балалардың сыңғырлаған күлкілері естіліп жатты. Балалар құқығын қорғау департаменті "Ағылшын тілі орталығы" МКҚК-мен бірге және "Думан" ойын-сауық орталығының қолдауымен жетім балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға "Қазақстан, біз сенің ұланыңбыз,! Жаңа әлем жеткіншегі біз боламыз!" атты республикалық акция аясында ұйымдастырылған "Балалық шақ - қандай ғажап!" мерекесін тарту етті. Балалар небір қызықты ойындар ойнап, түрлі жарыстар мен эстафеталарға қатысып, жеңімпаздары естелікке сыйлықтар алып жатты. Сонымен қатар, мұнда өткізілген барлық іс-шаралар балалар құқығы декларациясы секілді танымдық мағлұматтарға толы болып, онымен жиналған қауымның танысқанын атап айта кету керек.
Іс-шаралардан кейін балалардың қуанышқа бөленіп, көңілдерінің соншалықты көтерілгенін олардың ата-аналарының, аталары мен әжелерінің жүзіндегі үйірілген күлкіден-ақ байқауға болатын еді. Балаларының бақытты болуын көру, сезіну - әлемдегі барлық ата-ананың арманы емес пе.
12.05.09Жас қанат!
Әр адам үшін сурет өнерінің, әдебиеттің, музыканың және де көптеген басқа салалардың өзіндік артықшылықтары болады. Көбінесе есею, даму және де өзімізге байланысты болсын, байланысты емес болсын қандай да бір жағдайлар ауысқан кезеңдерде, бұрын таңғала қараған нәрселерімізге біздің ой-пікіріміз өзгеріп сала береді. Әрине, бұл заңды құбылыс, және оның өз ерекшеліктері болады.
Осындай ерекшелік болып "Думан" Ойын-Сауық Орталығы табылады. Ол кез-келген ортада халыққа деген өзінің сүйіспеншілігін өзгерткен емес. Тұрақтылық - оның ең негізгі қасиеті. Бұған дәлел болар фактілер көп-ақ. Оның бірі - жыл сайынғы "Жас қанат" республикалық әндер конкурсы. Көп жылдардан бері орталық пен ән жарысы табысты қызметтесіп келеді.
Биылғы жылы да "Думан" кең пейілді достарын құшақ жая қарсы алды. Ұлан-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген балалар Қазақстандағы жалғыз Мұхитаралды тамашалап, 5 D кинотеатрында виртуалды кеңістікте керемет сезімдерге бөленіп, үлкен бір бақытқа кенелгендей болды.
Конкурс үшін 2009 жыл - ерекше жыл, ол өзінің "кәмелетке толғанын" атап өтуде. Міне, қазақстандық жұлдыздар фабрикасы 18 жылдан бері қалың қауым үшін өзінің жас асыл көздерін ашып келеді. Дәстүр бойынша, үш күн бойғы музыкалық жарыста әділқазылар алқасы он үш қатысушының дарынын байқап, арасынан ерекше көзге іліккендерін таңдап алады. Әрине, бұл өте күрделі жұмыс, себебі әр қатысушының өзіндік ерекшелігі, дарыны болады, әрқайсысы - өзінше қызықты. Осындай кезең барысында "Думан" да өзіне лайықты сүйіктісін таңдап алды. Конкурстың соңында "Думан" Ойын-Сауық Орталығы" АҚ-ның Бас директоры Мәтжанова Пәтима Төреәліқызы үшінші дәрежелі лауреат атанған алматылық "Melo'men" тобына ұжымның атынан "Думан" Ойын-Сауық Орталығының арнайы сыйлығы - 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде сыйақы тапсырды.Бұл квартет көрермендер мен кешен ұжымын ә дегеден-ақ өзіне ұйытып алды. Олардың орындаған әндерінің сондай мағыналылығына, ал әншілердің өздерін ұстауы мен әнді орындау мәнерінің ешқандай мінсіз екеніне ешкімнің дауы болмады.
09.05.09
Жеңіс күні!
Жыл сайын 9 мамыр күні, республикамыздың әр тұрғынының жүрегіндегі мерекелік сезіммен қатар көкірегін ыза кернесе керек. Бұл майдан алаңында мәңгілікке қалып қойған жақындарының қайтпай қалған өкініші. Олардың есімі құрбылары мен әр жаңа ұрпақтың есінде мәңгі қалып, даңқы одан әрі аса берері сөзсіз. Бұл жер бетіндегі бейбіт өмір және жақын адамдарыңмен әрқашан бірге болу бақытын сыйлаған ағаларымыз бен әкелеріміздің алдындағы бірден-бір борышымыз әрі алғысымыз. Иә, бейбіт өмірге қол жеткізген Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің алдында біз дәуірден дәуірге өлшенбес қарыздар болып қала бермекпіз. Жеңіс күні мерекесі - балалар мен немерелер, шөберелер майдан мен тыл батырлары - аталары мен әжелеріне шексіз алғыстарын білдіріп, бастарын иетін мереке.
“Думан” Ойын-Сауық Орталығы бұрыннан жағымды әдетке айналған бұл күнгі дәстүрді еске ала отырып, құрметті қонақтарымыз – арадагерлердің келуін шыдамсыздықпен күтті. Олар бірегей кешеніміздің табалдырығын аттағандары сол екен, мереке басталды да кетті.
Әрине, арнайы дайындалған керемет концерттік бағдарлама келушілердің ешқайсысын немқұрайлы қалдырған жоқ. Жас кезімізден санамызда сөзі жатталып қалған соғыс жылдарындағы сүйікті әндер орындалды. Бұл әуендер бірінің жанарына жас толтырса, бірінің көңіліне жылулық ұялатты. Сонымен қатар, барлық ұрпақ үшін мәнінің маңызы зор басқа да жаңа әндер айтылды. Әнмен қатар би де болды. Иә, бисіз қандай мереке болмақ. Астанамыздың би ұжымдары ортадағы кең алаңда өздерінің таланттарын паш етті. Ынтыққан көрермендер мен жай ғана қызықтағандардың барлығы олардың мың бұралып билеп, әуенмен қоса ілескен шеберліктеріне таң қалысты.
Қонақтарға бір-бірлерімен араласып, көрген қызықтарын бөлісу үшін “Торнадо” дәмханасында шай ішу дастарханы ұсынылды. Кешеннің қызметкерлері “құрметті” әрі “жас”қарияларымыз” разы болды және қонаққа бізге әлі де талай келеді деп үміттенеді.
01.05.09Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі!
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі. Бүгінде біздің республикамызда жүз елуден астам ұлт өкілдері тұрады. Біз бір-біріміздің салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды қадірлей отырып, тату-тәтті көршілер болып тіршілік етіп келеміз. Біз - әр түрліміз, бірақ еліміз бір, мақсатымыз ортақ - бірлік пен ынтымақтастықта өмір сүру.
Әдетте бұл мереке күні тамаша әндер мен билер орындалып, халықтар көңілдерін көтереді. Мемлекетіміздің барлық қалаларында халықтар ынтымақтастығы бойынша мерекелік іс-шаралар өткізіліп жатады. Орыстар мен грузиндер, татарлар мен басқа да ұлт өкілдері өздерінің әсем киімдерін көрсетіп, өткендерге ұлттық тағамдарын ұсынады.
Бірінші мамыр Астана да керемет өтті. Табиғат-ана да халықпен бірге қуанғандай, сол күні ауа-райы тамаша болып, күн шуағы жарқырап тұрды.
Қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақыттарын өткізетін сүйікті орындары "Думан" Ойын-Сауық Орталығы, әдеттегідей, келушілердің көңілдерінен шықты. Мереке құрметіне арналған іс-шаралар кіші мен үлкендердің көңілдерін көтеріп, мәз-мейрам етті. Иә, таңғалмай-ақ қояйық, себебі ерекше жылулық танытып көрсетілген көңіл әркімді ләззатқа бөлеп, оларға қуаныш сыйлары хақ.
Кішкентай бөбектер мен олардың көңілді қылжақбас достары түрлі ойындар ойнап, тапқырлық пен жылдамдықты анықтайтын небір қызықты конкурстарға қатысты. Жеңімпаздары лайықты сыйлықтарын алды. Мұндай ақылды балалар аз болған жоқ, бұл өскін ұрпағымыздың жан-жақты дамып келе жатқанының дәлелі болса керек.
Үлкендердің түрлі халықтардың билерін көрсеткен би ұжымдарының керемет өнерлерін тамашалауға, сонымен қатар дарынды орындаушылардың жандандыратын әндері аясында би құшағына енуге мүмкіндіктері болды.
Мереке сондай жарқын, нағыз көктем көңілді мереке болып өтті. 1,2,3 мамыр мереке күндері кешенге 7 498 адам келді.
22.03.09Наурыз мерекесі!
Наурыз мерекесі - көктемгі күн мен түннің теңелген күні. Бұл күні адамзаттың табиғатпен бірлесіп, үйлесетіні баяғыдан белгілі. Дәстүр бойынша, 22 наурыз күні әр отбасы дастархан жаяды. Наурызда дастархан неғұрлым мол болса, сол жыл соғұрлым табысты болады деседі халықта. Көптен күткен бұл мереке қарсаңында адамдар өздерінің үйлерін тазалап, жөндеп, әсемдеп мерекеге дайындалады. Бақыт тек таза үйге келеді демей ме халық даналығы.
"Думан" Ойын-Сауық Орталығы да өзінің ғимаратының сырты мен ішін сәндеп, безендіріп, мемлекеттік мереке - Наурыз мейрамына дайындалды. Бірақ бұныменен көктемгі көңіл-күй жасау аяқталған жоқ. Кешен астанамыздың барлық тұрғындары мен қонақтарына өздерінің бос уақыттарын ерекше етіп өткізуді ұсынды.
Іс-шара адамды баурап алатын түрлі концерттік бағдарламамен басталды. Би ұжымдары түрлі әуен ырғақтарына мың бұралған билерін көрсетті. Әншілер өздерінің жандандыратын әндерімен халықты ортаға биге шақырды, адамдар бар көңілдерімен билеп, ал жанға жақын жай ән сазында романтикалық күйге бөленді. Ал акробаттардың өнерлері қонақтарымыздың естеріне жастық шақтарын елестетіп, таң-тамашада қалдырды.
Балалардың да өздеріне лайық қызықты шоулары болды. Онда негізгі персонаждар болып көңілді әрі қызықты қылжақбастар ойнады. Олар балалармен бірге қызықты ұтыстар ойнап, кейіннен сыйлықтарын алып, уақыттарын керемет өткізді. Ал тәрбиелік мағынасы мол қызықты оқиғалар балалардың жүзіне бірде күлкі үйірсе, бірде олар ертегі кейіпкерлері мен күтпеген жағдайларды бейнелей отырып, түрлі қиялдарға берілді.
Балалар мен қыздар, сондай-ақ олардың ата-аналары, әжелері мен аталары 21, 22, 23 наурыз күндері орталыққа келіп, өздерін де, Думанды да қуанышқа бөледі. Мереке күндері кешенге барлығы 13 706 адам келді. Іс-шараларды ұйымдастырушылар бұл күнді әр келушінің жадында өмірінің жарқын беттерінің бірі болып қалады деп үміттенеді.
  
08.03.09Халықаралық әйелдер күні!
8 наурыз мерекесі деген бір тамаша күн. Бұл мерекені әйелдер қауымы асығыспен күтеді, себебі көктемнің осы керемет күні ер азаматтардың бар көңілі әйелдерге, атап айтқанда, жарына, әжелерге, аналарға, апаларға, құрбы-қыздарға бөлінеді. Бірақ кейбір азаматтар бұл мерекені өздеріне сүйікті әйелдерінің сенімінен шығу жауапкершілігі артылатындықтан ерлердің де мерекесі деп есептейді. Ал сұлу бикелер өз кавалерлерінің жүректі қуантатын ерекше сыйлық іздеп дүкендерді кезіп жүргендерін сырттай бақылап мәз-мейрам болады.
Халықаралық әйелдер күнін дәстүр бойынша "Думан" Ойын-Сауық Орталығы да мерекелеп өтті. Орталықтың қонақтары үшін ерекше қызықты ойын-сауық бағдарламасы әзірленді. Қонақтарымыздың сүйікті жергілікті әртістері өздерінің таланттарын паш етті. Би ұжымдары дар таңғаларлық "па" қимылдарын көрсетті. Әншілеріміз болса, қонақтарымызды өздерінің жағымды қоңыр дауыстарымен және тамаша репертуарымен қуантты. Аспаптық шығармалардың жанға жақын әуендері құлақтың құрышын қандырды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар ең ақылды, ең тапқыр да батыр тұлғаларды анықтайтын қызықты конкурстар дайындады. Қатысқандардың барлығына ескерткішке сыйлықтар берілді.
7,8,6, наурыз мереке күндері кешенге 6 588 келді. Сол күнгі шуағын шашқан ауа-райынан қонақтарымыздың көңіл-күйі екі есе артқанын да айтқымыз келеді.

18.02.09Doctor of Business Administration енді "Думанда" да бар!
"Думан" Ойын-Сауық Орталығы қызметкерлері қонақтарына кеуделерін кернеген қуаныштары мен мақтаныштарын паш етіп, олармен компанияның кезекті жетістігімен шын жүректен бөлгісі келеді. Иә, "компанияның жетістігі" дейді ұжым бір ауыздан. "Думан" кемесінің басында енді бірінші класты, қажырлы тұлға ғана емес, жаңа заман басшысы тұр. Түсіндіріп өтейік...
2009 жылдың 18 ақпаны күні Алматы қаласында Doctor of Business Administration (DBA) бағдарламасы Халықаралық Бизнес Академиясының және Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық Шаруашылығы Академиясы Корпоративті Басқармасы Жоғары Мектебінің (ХША) түлектеріне диплом тапсырылды.
Халықаралық Бизнес Академиясының DBA бағдарламасы Қазақстан Республикасының білім қызметтері нарығында жаңашыл өнім болып табылады және төрт жылдан бері елімізде қызмет етіп келеді, бұл екінші шығарылым. Іскер Әкімгерлік Докторы бағдарламасы білім бизнесінің ең жоғарғы сатысы болып табылады.
Құрметті доктор дәрежесінің бақыты жанған иегерлерінің бірі - "Думан" Ойын-Сауық Орталығы" АҚ-ның Бас директоры Мәтжанова Пәтима Төреәліқызы болды.
Кешеннің кезекті шұғыл жиналысында ұжым өзінің бас менеджерін құттықтай отырып, өмірінің гүлдеп-көркейе беруіне тілектестігін білдірді және деніне саулық, ұзақ ғұмыр тіледі.
|