www.duman.kz / Мұхитарал

ТМД көлемінде тұңғыш рет "Думан" - ойын-сауық орталығының Мұхитаралы далалық өлкенің дәл кіндігінде мұхит тұңғиықтарының таңғажайып құпияларын ашуда

"Думан" ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3 000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал. Мұхитаралдың су қоры - 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2 000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда.

Осындағы түрлі көрме аймақтарында Оңтүстік Америкадағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы тұщы сулардың, жағалау маңдарының, тұңғиықтар мен кораллды рифтердің тұрғындары тіршілік кешуде.

Мұхитарал түбінде жылжымалы жолмен жарақтанған, қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізі бар және әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағынан тұрады. Аквариумдердің әр түрлі тұрқы табиғи жағдайларына жақындатылған балықтар тіршілігіне көз салуға және жыртқыш балықтар мен кәдімгі балықтарды қоректендіру барысын қадағалауға мүмкіндік береді. Мұхитаралдың жұмысын балықтардың тіршілігіне барынша қауіпсіз материалдардан жасалған 11 шақырымдық тұрбалардан, 34 қуатты сорғы мен әр қайсының сыйымдылығы 200 мың литрлік 6 құмсүзгіден, судың химиялық құрамы мен мөлдірлігін қамтамасыз ететін көптеген сүзгілері бар тазарту қондырғылардан тұратын теңдесі жоқ жүйе жүргізіп тұр.

Көрме аумақтарының аквариумдарынан Сіз ихтиофаунаның жекелеген түрлерін жақыннан көріп, біздің гидтарымыздың таныстыруымен керемет балықтар мен теңіз тұрғындары қақында жан-жақты мәліметтер аласыз.

Бірінші көрме аумағына Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияның тұщы суларын мекен етушілер қойылған. Мәселен, пираньиа тұқымдастары олардың жыртқыш та, қомағай өкілдерімен де, пираньяның өздерімен де, сондай-ақ, момын, әрі вегетариан ағайындары - пакулермен де сап түзеп, келушілер назарына ұсынылады. Тап осы жерден бұларға қоса, теңіздер мен мұхиттар жағалауларының теңіз жұлдыздарын, бағзы замандар өкілі - хелицерилерді-ершікшаяндарды, саяқ-шаяндарды, ұзынмұрттарды және теңіз шаянын көруге болады.

Екінші көрме аумағында мұхит түбі кораллдары қауымдастығының өкілдері: атбалықтар, теңіз инелері, сиырбалықтар, жапон қорапшалары, түлкібикештер, итбалықтар, ақмамықтар назарға ұсынылады.

Осы маңнан аквариумдерде жүзген жыртқыш балықтар: тасбалықты, қанатты теңбілдерді, безербалық түрлерін, кірпібалықтарды көре аласыз. Ал, бас аквариумда Мұхитаралдың ең үлкен тұрғындары - акулалар, олармен қоңыстас-салмақтары мен тұлғалары жағынан акулалармен иық теңестіре алатын алып теңіз алабұғалары, үлкен патшабалықтар, жарқанат-балықтар мен басқа да үйірімен жүретін балықтар тіршілік кешуде. Мұхитаралды мекендеушілердің тіршіліктері былайғы көзге байқала бермейтін оқиғаларға толы. Дегенмен, Сіз оларды қоректендіру сәттерін қызықтай аласыз. Күніне екі рет біздің су астында жүзгіш мамандарымыз өздері үшін қатерлі болғанымен, көрермендерге қызық - "Акулаларды қоректендіру" - атты шоуды ел назарына ұсыну үшін тұңғиық түбіне түседі.

Мұхитарал - ұшы қиырына көз жеткісіз байтақ дала тұрғындарының теңіздің бір бөлшегіне жанарын қадап, тұңғиық түбі патшалығының ғажайыптарына үңілгісі келген армандарын жүзеге асырып отыр.



Rambler's Top100











Web100.kz - Спорт и развлечения | Бары, кафе, рестораны