|
Компания қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті:
балалар үйімен, панаханалармен және мүгедектер қоғамымен қызметтестік арқылы;
мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік оңалту арқылы;
егде адамдарға қайырымдылық көрсету арқылы;
іс-шараларға демеушілік көрсету арқылы;
халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктеріне жеңілдіктер беру арқылы;
яғни, кешенді Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың астана мен республиканың барлық тұрғындары үшін, олардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, демалыс пен бос уақытты өткізетін орталыққа айналдыру туралы идеясын жүзеге асыра отырып атқарады.
Балалар үйімен, панаханалармен және мүгедектер қоғамымен қызметтесу
"Думан" Ойын-Сауық Орталығы өзінің алғашқы ашылған сәтінен бастап келесі балалар үйімен, панаханалармен, мүгедектер қоғамымен қызметтеседі:
- "Республикалық Балаларды Оңалту Орталығы" Акционерлік Қоғамы,
- "Павлодартурист" Акционерлік Қоғамы Павлодар облысындағы отбасы типті Балалар үйі ,
- Ақкөл балалар үйі
- Астрахан балалар үйі,
- Есіл балалар үйі,
- Жолымбет балалар үйі,
- Качир балалар үйі,
- Сандыктау балалар үйі,
- Урюпинск балалар үйі,
- "Үміт"балалар үйі, Өскемен қ.,
- №4 балалар үйі, Степногорск қ.,
- "Үміт" балалар үйі, Екібастұз қ.,
- облыстық "Таңшолпан" балалар үйі,
- Үштөбе қ. балалар үйі,,
- Петропавл қ. "Жасөспірімдер үйі",
- Астана қ. ақыл- есі кем балаларға арналған балалар үйі– интернат,
- "Светоч" балалар панаханасы,
- "Үміт- Надежда" балалар қоры,
- "Құлыншақ" балалар үйі,
- Астана қ. Кәмелетке толмаған балалар панаханасы,
- "Сүгүрбаеваның балалар үйі" жеке мекемесі,
- Екібастұз қ., Солнечный п. (мүмкіндігі шектеулі балалар),
- "Балалар үйі" мемлекеттік мекемесі,
- Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Балалар үйі" ММ,
- "Жұмысбастылық және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" ММ,
- Семей қ. №7 орта мектебі,
- "Степногорск балалар үйі" мемлекеттік мекемесі,
- "Жас туристер станциясы" мемлекеттік мекемесі,
- "Қалқаман балалар үйі" мемлекеттік мекемесі,
- "Шақат балалар үйі" мемлекеттік мекемесі,
- "Кәмелетке толмаған балаларға арналған панахана" мемлекеттік мекемесі,
- "Мүгедек балаларды қолдау ассоциациясы" қоғамдық бірлестігі, Ақмола облысы,
- "Казақ зағиптар қоғамы" қоғамдық бірлестігі, Ақмола филиалы,
- "Аялы- Алақан" Қайырымдылық Қоры" қоғамдық қоры,
- Мүгедек балалар аналарының "Сәби" Қоғамдық Қоры,
- "Мұра" қоғамдық бірлестігі,
- "Өрлеу- Шыңы" Қоғамдық Бірлестігі,
- "Ақмола Көпбалалы отбасылар одағы" қоғамдық бірлестігі,
- "Лучик надежды" Қоғамдық Қайырымдылық қоры, Карағанды қаласы,
- "Мүгедек балаларды қолдау ассоциациясы" қоғамдық бірлестігі,
- Пионерлер балалар үйінің педагогтар одағы,
- "Балаларды әлеуметтік бейімделу орталығы" қоғамдық бірлестігі,
- "Теміртау қалалық ерікті мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі,
- "Нұр" мүгедек балалардың ата- аналарының қоғамдық бірлестігі,
- "Nasledie" қоғамдық бірлестігі,
- "Қамқор", "Жұлдызай" қоғамдық қоры,
- "Жаңа Өмiр" оралмандар қоғамдық бірлестігі,
- "Көкшетау қ. мүгедек балаларды қолдау ассоциясы" қоғамдық бірлестігі,
- "Сенім" қоғамдық бірлестігі,
- Астана қ. Мүгедек балалар қоғамы,
- ҚР Қызыл жартыай қоғамы,
- Мүгедек жастар қоғамы,
- "Астана қ. Шығыс Қазақстан Облысының өкілдігі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны,
- ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті,
- "Болашақ" Республикалық Балаларды Оңалту Орталығы,
- "Жас Ұлан" Республикалық Мектебі,
- "Қазақстан мүгедектер конфедерациясы" Аймақтық Қоғамдық Бірлестігі,
- Есту қабілеті төмен балаларға арналған арнайы жалпы білім беру мектебі,
- Жетім балаларға арналған № 15 кәсіби мамандандырылған мектеп,
- есту қабілеті төмен мүгедектер спорт мектебі,
- Павлодар қ. №1 школа- интернат ,
- № 16 орта мектебінің "Жұлдыз" мектеп жанындағы лагері,
- ЖШС "Жанат" мүгедектерді жедел сауықтыру спорттық орталығы Астана қ.,
- Ұлы Отан Соғысы мүгедектерінің Орталық Клиникалық Госпиталі,
- Астана қ. МІІБ кәмелетке толмаған балаларды уақытша аластату, бейімдеу және сауықтыру орталығы,
- Актау п., "Эдельвейс" балалар клубы,
- "Меридиан" Туристік Фирмасы ,
- "Ілтипат", өкіметтік емес ұйым.
Олар кешенге өздеріне ыңғайлы кез-келген уақытта келе алады. Жоғарыда аталған қоғамдардың көбісі бұл орталықта өздерінің мерекелерін және жыл сайынғы Жаңажылдық ертеңгіліктерін өткізеді.
"Думан" Ойын-Сауық Орталығы жетім балаларды, мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларын жылы жүзбен қарсы алады:
2008 жылы - 4 269 адам;
2007жылы - 392 адам;
2006 жылы - 1 505 адам;
2005 жылы - 1 290 адам;
2004 жылы - 677 адам;
2003 жылы - 419 адам.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік сауықтыру
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік сауықтыру төңірегінде "Думан" Ойын-Сауық Орталығы базасында екі ұйым жұмыс істейді - Балалардың шығармашылық орталығы "Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы" ҚБ мен "Мұхит-арт" арт-терапиясының шығармашылық орталығы" ҚБ. Бүгінде "Думанның" Мұхитаралы — түрлі денсаулық проблемалары бар балаларды емдеу үшін оның керемет аурасы қолданылатын әлемдегі жалғыз Мұхитарал. Мұхитаралға келген адамдар балаларға қалыпты ортаға көндігіп, үйренуіне еріксіз көмек береді.
2003 жылы Қазақстанда алғаш рет Британдық Кеңестің қолдауымен біздің елде 4 жыл бойы арт-терапевтерді дайындаған "Қазақстанда арт-терапияны дамыту" бағдарламасы жүзеге асырылды. Ұлыбритания осы бағыттағы бастау алған елдердің бірі болып табылады. Бұл бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесі болып Астана қаласындағы арт-терапия орталығы құрылған болатын.
Арт терапия - психотерапияда, ақпаратты медицина мен биоэнергетикалық емдеуде шығармашылық процесс, онда пациент, сондай-ақ оның нәтижесі: картиналар, өлеңдер мен музыка және т.б. болатын, секілді негізгі терапевтік жабдық ретінде қолданылатын қазіргі заманғы бағыт.
Арт-терапия жоспарсыз қимыл-әрекеттерді дамытуға; қауіпсіз терапиялық кеңістік жағдайында өзінің өмірлік тәжірибесін зерделеуге; психологиялық мәселелерді оларды ұғыну деңгейіне шығармастан және терпаевтке көрсетпестен шешуге; елдермен араласуға,
ерекше бейнелеу құралдарын пайдалана отарып, өзінің сезімдері мен ойларын білдіруге мүмкіндік береді.
Мұхитарал қажетті терапиялық кеңістікті, атап айтқанда, баланың өзінің уайымдарын саналы және тұрақты эмоциялы жүріс-тұрысқа ауыстыратын ортаны жасауына мүмкіндік берді.
Егде адамдарға арналған қайырымдылықтар
"Думан" Ойын-Сауық Орталығы келесі мерекелерді атап өтуді дәстүрге айналдырған:
Жеңіс күні. Жыл сайын 9 мамыр күні кешен қызметкерлері Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, құшақ жая қарсы алады. Дәстүр бойынша, бишілер ұжымдары мен әртістердің қатысуымен соғыс жылдарындағы көңілге жақын әндер орындалып, арнайы концерттік бағдарлама дайындалады. Мереке ардагерлер мен зейнеткерлерге шәй және тәтті тағамдар ұсынылып, жалғасып жатады, және де қызықты Мұхитарал әлемін көруге шақырады.
Аға ұрпақ күні. Қиын соғыс жылдарын жадымызда сақтау үшін, сонымен қатар балалық пен жастық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тура келгендерге құрмет ретінде "Думан" Ойын-Сауық Орталығы басшылығының бастамасы бойынша жыл сайын 22 маусым күні Аға Ұрпақ Күні аталып өтеді. Бұл күні "Думанның" ұжымы бүгінгі әлем тыныштығы үшін бар күш-жігерлерін салған адамдарға тағзым етіп, өздерінің алғыстарын білдіреді. Жергілікті әншілер мен бишілер топтарының қатысуымен ұйымдастырылған керемет концерттік бағдарлама, оның түрлі репертуарында жас пен кәрі бірдей биге басатын, бұл ерекше күннің мерекелік ахуалын жасауға ықпал береді. Бұл күн аталар мен әжелерүшін, ең бастысы, дастарқан басында ерекше ахуалда отырып достарымен жүздесіп, қауышқандарымен есте қалады.
Бұл іс-шараны, тәжірибе көрсеткендей, басқа да ұйымдар атап өте бастады. Сондықтан "Думан" егде адамдарға көңіл бөлуде өзінің үлгі болғанына қуанышты-ақ.
Егде адамдар күні. Жыл сайын 1 қазан — Халықаралық Егде адамдар Күні "Думан" Ойын-Сауық Орталығы әжелер мен аталар үшін мереке ұйымдастыруға тырысып бағады.
Ұйымдастырушылар аға ұрпақ өкілдерінің алдында олардың біздің болашағымызға қосқан үлестері үшін бастарын иіп, шын жүректен алғыстарын білдіруге әрқашан дайын.
"Думан" Ойын-Сауық Орталығы ҰОС ардагерлерін, оларға теңестірілген тұлғалар мен зейнеткерлерді құшақ жая қарсы алу құрметіне ие болып келеді:
2008 жылы — 391 адам;
2007 жылы — 65 адам;
2006 жылы — 844 адам;
2005 жылы — 536 адам;
2003 жылы — 216 адам.
Іс-шараларға демеушілік көрсету.
Иә, кешеніміздің түрлі іс-шараларға демеушілік қолдау көрсеткенін де айта кету қажет, мысалы:
- 2006, 2007, 2008 жылдарғы "Жас қанат" жас орындаушылардың республикалық конкурсы;
- 2006, 2007 жылдарғы "Астана" қазақ әндерінің халықаралық жыл сайынғы конкурсы;
- "Балауса" 2006,2007 ж.ж.;
- "Қазақстан жастарының конгресі", 2007 ж. Оқушылар арасындағы конкурс;
- 2007 ж. "Candi Girl" астаналық конкурсы;
- 2007 ж. "Жұлдызай" конкурсы;
- 2006 ж. "Театр әлемі" театрлық фестивалі;
- 2006 ж. төртінші халықаралық Дельфий ойындары;
- 2006 ж. " Халықаралық ұлттық костюмдер фестивалі";
- 2006 ж. "Қорқыт және ұлы дала әуендері" халықаралық түркі әуендерінің фестивалі;
- мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының "Назар – Взгляд – View" республикалық фестивалі;
- 2005 ж. "Әнші балапан" балалар конкурсы.
Халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктеріне арналған жеңілдіктер
Кешеннің алғашқы ашылған сәтінен бастап орталық ұжымы келушілерге олардың жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, ең алдымен, халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерін алғанда, жанға жайлы жағдайлар көрсету позициясын дайындады.
"Думан" ОСО-на кіруге жеңілдіктер:
"Думан" ОСО-на және Мұхитаралға кіру ТЕГІН:
- Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен ардагерлеріне;
- жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша ҰОС қатысушылары мен ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға;
- Чернобыль АЭС- дегі және басқа да радиациялық апаттар мен күйреулер салдарынан болған зардаптарды жоюға қатысқан тұлғаларға;
- 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
- I және II топтың мүгедектеріне;
- балалар үйлері мен панаханалардың тәрбиеленушілеріне.
"Думан" ОСО-на және Мұхитаралға кіруге 50% жеңілдіктер ұсынылады:
- III топтың мүгедектеріне;
- "Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталған көпбалалы немесе "Батыр ана" атағына ие болған аналарға;
- жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғысқа қатысқандарға теңестірілген тұлғаларға;
- 60 жастан асқан егде адамдарға.
|